Баянауыл төрінде 16-17 тамыз күндері Академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақ ғылымының атасы» ақындар айтысы өтеді.

Сөз сайысына «Алтын домбыра» иегерлері Аспанбек Шұғатаев пен Еркебұлан Қайназар және елімізге белгілі ақындар: Рауан Қайдар, Нұрлан Есенқұлов, Серік Қуанған, Тілеген Әділов, Айтбек Тұрсынбай, Айтбай Жұмағұлов, Абай Жолмағанбет, Нұрғанат Қайрат, Батыржан Қадірбай, Нария Ақбабақызы қатысады.

Қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерманның өзі болмақ.

Айтыстың бірінші айналымы 16 тамыз күні Баянауыл орталығындағы С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінде, ал екінші айналымы 17 тамыз күні Мойылды алқабында өтпек.

Басталуы: сағат 11:00

Добавить комментарий