Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы-драма театрының 36-шы маусымы ашылды.
Театр ұжымы жаңа маусымды «Шәмші» спектакль-концертімен бастады. Қойылымның авторы – Нұркен Тұрлыбек, режиссері – Әділет Ақанов. Басты рөлде белгілі актер Бейбіт Шәнім ойнайды.
Спектакль-концерттің премьерасы биылғы жылдың мамыр айында болған. «Шәмші» спектакль-концерті сазгердің халық аузынан түспейтін, классикаға айналған шығармалары қалай дүниеге келді деген сұраққа жауап қайтарады.
Өнер ордасындағы жаңа маусымның ашылуына облыс әкімі Асайын Байханов қатысып, қойылымды тамашалады.
Айта кетейік, 20-25 қыркүйек күндері Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай Павлодарда алғаш рет республикалық театрлар фестивалі өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram