«Aiqara.kz» ақпарат агенттігі «Қазақ әдебиеті» фотошежіре» кітабының ІІ бөліміндегі Ертіс-Баян өңірінен түлеген ақын-жазушыларға қатысты фотосуреттерді оқырман назарына ұсынады.
1980 жыл. Белгілі жазушы Сәтімжан Санбаев (ортада) Павлодар трактор зауытының жұмысшыларымен кездесу сәтінде.
1982 жыл. Республикалық балалар кітапханасында өтіп жатқан белгілі жазушы Сейітжан Омаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш (солдан оңға қарай): Құлбек Ергөбек, Баққожа Мұқай, Сейітжан Омаров, Мұзафар Әлімбаев, Танаш Дәуренбеков, Бейбіт Қойшыбаев.
1982 жыл. Қазақстан Жазушылар Одығының пленумында.
Солдан оңға қарай: танымал қазақстандық жазушысы Герольд Бельгер, мәскеулік жазушы Арнольд Тамм, қаламгерлер Марат Хасенов пен Қалмұқан Исабаев.
1983 жыл. Достардың кездесуі. Көрнекті ақындар Ғафу Қайырбеков және Қалижан Бекхожин.
1983 жыл. Қаламгерлердің Алматы облыстық балалар кітапханасында оқырмандарымен кездесуі. Казақстанның халық жазушысы, ақын, «Балдырған» журналының бас редакторы Мұзафар Әлімбаев және жауапты хатшысы Сұлтан Қалиев.
1983 жыл. Баянауыл. Павлодар облысында «Комсомольская правда» газетінің күндеріне қатысушы, республикалық жастар баспасөзінің өкілдері (солдан оңға қарай): «Қазақстан пионері» газетінің фотосуретшісі Рақымбай Ханалиев (1-ші), Қазақстан ЛКЖО (ЛКСМ) Орталық комитетінің жауапты қызметкері Жүнісбек Сұлтанмұратов (2-ші), ақын, «Балдырған» журналының бас редакторы Мұзафар Әлімбаев (5-ші), жазушы, «Білім және еңбек» журналының жауапты хатшысы Әлібек Асқаров (7-ші), «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі Жанболат Аупбай (оң жақта отырған).
1984 жыл. Академик Әлкей Марғұланның үйінде (солдан оңға қарай):
Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің қызметкері Сәбетқазы Ақатай, Әлкей Марғұлан, «Білім және еңбек» журналының бас редакторы Ақселеу Сейдімбек пен бөлім меңгерушісі Марат Тоқашбаев.
1989 жыл. Жазушылар (солдан оңға қарай): прозашы, Ұлы Отан соғысының батыры Қасым Қайсенов, ақын, прозашы, драматург Аманжол Шамкенов және ақын, аудармашы Ғафу Қайырбеков.
1995 жыл. Қазақстанның халық жазушылары, қазақ әдебиеті ардагерлерінің бас қосуы.
Солдан оңға қарай: Хамит Ерғалиев, Әбу Сәрсенбаев, Дихан-Баба Әбілев және Әбділда Тәжібаев.
2003 жыл. Атақты қаламгерлер Сәкен Жүнісов (сол жақта) және Ахат Жақсыбаев.
«Қазақ әдебиеті» фотошежіре (екінші бөлім): 1980-2020 жылдар» кітабынан (Алматы, 2024).