Биыл – Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл толды. Мерейтойға орай «Қазақ әдебиеті» фотошежіре» кітабы жарық көрген болатын. Қазақ қаламгерлері өмірінің әр кезеңін, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгінін айшықтайтын ІІ бөлімнен фотошежіре тарихқа тіл бітіруімен құнды.
Бірінші бөлімге 1920-1970 жылдар аралығын қамититын Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің қорында сақталған құнды құжаттар енгізілген. Альбомда қазақтың әйгілі ақындарының, атақты прозашыларының, әдебиеттанушыларының, белгілі мемлекет және саяси қайраткерлерінің тарихи фотосуреттері жинақталған.
«Aiqara.kz» ақпараттық агенттігі фотошежіредегі Ертіс-Баян өңірінен түлеген ақын-жазушыларға қатысты фотосуреттерді оқырман назарына ұсынады.
1926 жыл. Алаш Орда зиялылары.
Солдан – оңға, 1-ші қатар: публицист, ғалым Халел Ғаббасов, ақын, жазушы Міржақып Дулатов, ақын, жазушы, аудармашы, тілтанушы Ахмет Байтұрсынов, жазушы, драматург Мұқтар Әуезов;
2-ші қатар: жазушы-романшы, драматург Жүсіпбек Аймауытов, тарихшы, ғалым-шығыстанушы, әдебиеттанушы Әлкей Марғұлан, Мағжан Жұмабаевпен бірге «Алқа» әдеби ұйымын құруға қатысқан білікті журналист, жазушы Абдолла Байтасов.
1932 жыл. Қазақстан жазушыларының алғашқы пленумы.
1-қатар: сол жақтан 2-ші Мұқтар Әуезов; 4-ші Жақан Сыздықов;
2-қатар: сол жақтан 3-ші Ілияс Жансүгіров, 4-ші Смағұл Сәдуақасов, 6-шы Ғабит Мүсірепов, 7-ші Бейімбет Майлин;
3-ші қатар: сол жақтан 2-ші Өтебай Тұрманжанов;
4-ші қатар: оң жақтан 1-ші актер Қанабек Бәйсейітов, 2-ші Тайыр Жароков, сол жақтан 2-ші Қадыр Хасанов;
Соңғы қатар: сол жақтан 2-ші театр режиссері, қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушы, ҚазАКСР тұңғыш халық әртісі Жұмат Шанин.
1936 жыл. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі І онкүндігіне қатысушылар.
Солдан оңға, 1-ші қатар, ақындар: Нұрлыбек Баймұратов (1-ші), Омар Шипин (2-ші), Естай Беркімбаев (4-ші); 2-ші қатар: жазушы Жәрдем Тілеков, ақын Қалижан Бекхожин, ақын, композитор Иса Байзақов, ақын Қасым Аманжолов (3-ші қатар, оң жақта 1-ші).
1940 жыл. Фрунзе. Ақын Иса Байзақов, жазушы Сәбит Мұқанов, қырғыз жазушылары Аалы Токомбаев және Түгелбай Сыдықбеков (оң жақта)
1943 жыл. Ржев облысы.
Оңнан солға қарай: ақын Дихан Әбілев, ақын әрі аудармашы Леонид Макеев, 8-ші Гвардиялық Панфилов дивизиясының «За Родину» газетінің жауапты редакторы, ақын Сәду Машақов.
1985 жыл, 9 мамыр. Майдангер-қаламгерлер Жазушылар одағында, Жеңістің 40 жылдығына арналып өткен салтанатты жиыннан соң.
Солдан оңға, 1-ші қатар: Дихан Әбілев, Мұрат Сыздықов, Николай Душкин, Сәду Машақов, Хамит Ерғалиев, Қасым Қайсенов, Сейітжан Омаров, Амантай Байтанаев, Мұзафар Әлімбаев;
2-ші қатар: Шона Смаханұлы, Александр Сергеев, Кұланбай Көпішев, Хизмет Абдуллин, Кемел Тоқаев, Сәуірбек Бақбергенов, Өтебай Қанахин.
1953 жыл. Жазушылар мен ақындар.
Оңнан – солға: Мұхамед Нұртазин, Әнуарбек Дүйсенбиев, Кемел Тоқаев, Серік Қирабаев, Нұтфолла Шәкенов, Қабдыкәрім Ыдырысов.
1958 жыл. Мәскеу. Жазушылар мен ақындар қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде.
Солдан – оңға: Жұмағали Сайын, Зейін Шашкин, Шахмет Құсайынов, Мәриям Хакімжанова, Әбділда Тәжібаев, Мұзафар Әлімбаев, Дихан Әбілев.
1967 жыл. Жазушылар мен ақындардың бір тобы.
Алдынғы қатарда Сырбай Мәуленов, үстелдің артында отырғандар (солдан оңға): Әлжаппар Әбішев, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, тұрғандар: Қасым Тоғызақов, Жұбан Молдағалиев, Қалмұқан Исабаев, Әбділда Тәжібаев, Әнуар Әлімжанов.
1967 жыл. Ақын Қадыр Мырзалиев өзінің жаңа өлеңдерін оқуда.
Алдыңғы қатарда Ғафу Қайырбеков (сол жақта), Қабдыкәрім Ыдырысов; үстел шетінде отырғандар (солдан оңға): Сағынғали Сейітов, Қалижан Бекхожин, Мұзафар Әлімбаев; тұрғандар: Қадыр Мырзалиев, Ізтай Мәмбетов, Жұмекен Нәжімеденов, Қасым Тоғызақов.
1969 жыл. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Армениядағы онкүндігі.
Қазақстан жазушылары Гарни-Гегард шіркеуін аралауда (солдан оңға): Қалижан Бекхожин, Сырбай Мәуленов, Мұзафар Әлімбаев.
1976 жыл. Жазушылар (солдан оңға): Рамазан Тоқтаров, Қалаубек Тұрсынқұлов, Шерхан Мұртаза, Төлеген Тоқбергенов, корей жазушысы Хан Дин, Сәтімжан Санбаев.
1976 жыл. Қазақстан жазушылары Ілияс Есенберлиннің жаңа романын талқылау үстінде.
Алдыңғы қатарда (солдан оңға): Сырбай Мәуленов, Әлжаппар Әбішев, Шерхан Мұртазаев, Ілияс Есенберлин, Қуандық Шаңғытбаев.
Екінші қатарда үстелдің арғы жағында отырғандар (солдан оңға): Қалаубек Тұрсынқұлов, Мақан Жұмағұлов, Қалмұқан Исабаев, Әнуар Әлімжанов, Сәуірбек Бақбергенов. Тұрған Амантай Сатаев.
1978 жыл. «Жұлдыз» журналының редакциялық алқасы журналдың 50 жылдығына дайындық үстінде (солдан оңға): 3-ші – Қажығали Мұханбетқалиев – әдеби қызметкер, одан кейін Ахат Жақсыбаев – жауапты хатшы, Жарасқан Әбдірашев – әдеби қызметкер, Ғафу Қайырбеков – бас редактор орынбасары, Оралхан Бөкеев – әдеби қызметкер, Софы Сматаев – проза бөлімінің меңгерушісі, Бекежан Тілегенов – журналдың бас редакторы.
«Қазақ әдебиеті» фотошежіре (бірінші бөлім): 1920-1970 жылдар» кітабынан (Алматы, 2023).