VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді. Бұл туралысол елдің Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Максутовқұзырлы органның Telegram-дағы арнасында мәлімдеді.
Құрметті қырғызстандықтар! Барлығыңызды V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатымен және бүгін өтіп жатқан спорт ойындарымен шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің Қырғызстаннан барған спортшылар өте жоғары деңгейдегі көрсеткіштер көрсетіп жатыр, – деп атап өтті министр
Сондай-ақ, ол отандастарына сүйінші жаңалығы бар екенін жеткізді. –Қырғызстаннан шыққан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы өз мекені Қырғызстанда өтетін болды. Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің және өз атымнан сіздерді құттықтаймын! – деді Алтынбек Максутов.
Естеріңізге сала кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Елордамызда өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша көш бастап келеді. Үшінші жарыс күні қорытындысы бойынша қоржынымызда 21 алтын, 10 күміс және 17 қола жүлде бар.
Қырғызстан командасы 23 медальмен екінші орында келеді. Үздік үштік қатарында 24 жүлде алған Өзбекстан құрамасы. Себебі айырқалпақ ағайындардан күміс жүлдесі кем.