Елордада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан Гиннес рекордын орнату жоспарлануда.

Оған кез келген адам қатыса алады. Қатысу ережелері төменде көрсетілген:

1️⃣ 5-ші  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында *9 қыркүйек* “Тоғызқұмалақ күніне” орай Гиннес рекордын орнату іс-шарасына қатысу үшін бірінші кезекте  төменде көрсетілген тіркеу формасын толтыру қажет. (Сұранысқа қатысушылардың жеке ақпараттары жазылуы керек, рекорд орнату іс-шарасына қатысқанын растайтын диплом жеке қатысушыға беріледі)

Тіркеу формасы төменде

https://forms.gle/rXRyonMXS4wTe3Yy5

2️⃣ *9 қыркүйек күні сағат таңғы 9:00-10:00* арасында, _мектеп, университет, колледж, жұмыс мекемесі_ қабырғасында өздеріңізде бар тоғызқұмалақ тақталарымен қатысушылар арасында блиц түрі бойынша ойын ойнап, ойын барысынан фото, видео деректерді әлеуметтік желіге _*(instagram, tik-tok, facebook )*_ парақшаларына келесідей хештегтерді қолдана отырып жүктеу қажет. Хештегтер:  #9qq #9qqrecord

 

Добавить комментарий