Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, «Астана арена» стадионын аралап көрді. Мұнда халықаралық спорттық-мәдени іс-шараның ашылу салтанаты өтеді. Отыз мың көрермен еркін сыятын стадионға жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары аяқталып, жабдықтары толықтай жаңартылды.

Мемлекет басшысы ат спортынан жарыстар өтетін «Қазанат» ипподромын, жамбы ату және теңге ілу сайыстары үшін арнайы жасақталған алаңды көрді.

Добавить комментарий