Биыл Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыының басты нышаны – су болып таңдалды. Алғашқы үш ойында да негізгі нышан су болған.
Осыған байланысты еліміздің әр өңірінен бір бұлақтан су алынып, елордаға жіберілді. Павлодар облысында суды Баянауыл ауданы Торайғыр ауылындағы бұлақтан құйып алды. Өңірлерден жиналған су Астанадағы тайқазанға құйылатын болады.
Сондай-ақ облыс орталығындағы жағалауда өңірден көшпенділер ойынына баратын «Бірлік керуенін» шығарып салу рәсімі өтті.
Өңірлік керуеннің құрамына Батыр, сегіз белгілі қоғам қайраткері, 10 елші және бір Халық банкінің өкілі, сондай-ақ ДКО этноауылында Павлодар облысының мәдени бағдарламасын ұсынумен айналысатын шығармашылық ұжымдар енді.