Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы спорттық жарыстар аяқталды.
Қазақстан құрамасы барлығы 114 медаль олжалап: 44 алтын, 33 күміс, 37 қола командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
Қоржынында 64 медалі бар Қырғызстан (18 алтын, 21 күміс, 25 қола) екінші орын, 34 медалі бар Өзбекстан (11 алтын, 12 күміс, 11 қола) үшінші орынға жайғасты.
1 жұмаға жалғасқан байрақты бәсекеде 89 елден 2 430-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.
89 елдің 33-і қоржындарына медаль салды. Оның ішінде 18 мемлекет алтын жүлде жеңіп алса, 16 мемлекеттің қоржынында күміс, 28 мемлекеттің қоржыны қола медаль бар.