Pavlodar, KZ
Ясно

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мәдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рәсімі өтті. Бұл оқиға көшпенді халықтардың бай мәдени мұрасын құрметтейтін және бағалайтын барлық жандар үшін маңызды шара.

Мөрлеу рәсімі ресми ұйымдастырылды. Іс-шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров және «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова арнайы қатысып, пошта мөрімен мөрлеу рәсімін жүргізді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы бірегей филателиялық өнер туындысы болып табылады. Марканың авторы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы Серік Буксиков.

Маркада ежелгі дәстүрдің сақтаушысы «Бүркітші» бейнеленген. Ол табандылық пен өзіне деген адалдықты бейнелейді. Марканың орталық элементі – көшпенділер философиясында жүзеге асырылған өмірдің айналымы мен уақыт пен кеңістіктің бірлігін бейнелейтін гофрленген шеңбер.

Марка тиражы 5000 дана, номиналды құны – 500 теңге. Ультракүлгін бояумен және алтын фольгамен бедерлеу арқылы қорғаныс элементтерін қолдана отырып жасалған марка кез келген коллекцияның ажырамас бөлігіне және көшпенді халықтардың мәдени мұрасына деген құрметтің символына айналады.

Айта кетерлігі, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ал басты серіктесі – Halyk Bank.

Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Добавить комментарий