Жамбы атудан ұлттық құрамамыз 8 тамыз күні Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын үздік төрттікті анықтады.
Еліміздің ең үздік 10 жамбы атушысы көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты.
Мергендеріміз «мажар», «азия», «түркі», «жамбы» стилдері бойынша бақ сынады.
Жалпы есепті қорытындылай келе, 1-орынды Айтбек Сарыбай, 2-орын Абзал Тұлыбеков, ал соңғы жолдаманы Ералхан Айкөз ұтып алды.
Айта кетейік, әлем чемпионы Батыр Бексауыт көшпенділер ойындарына тікелей жолдама алған еді.