Қазақ күресінен 5 спортшымыз алтын үшін күреседі.
10 қыркүйек күнгі жарыс бойынша аударыспақтан 100 келіден жоғары салмақта сынға түскен Біржан Қосалиев алтын медаль еншіледі. Финалда ол Қырғызстан спортшысы Күмушбек Қыдырәлиевті жеңді.
Ал, қазақ күресінен 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Зарина Сарипова финалда өзбекстандық қарсыласын ұтып, көшпенділер ойынының чемпионы атанды.
Сондай-ақ қазақ күресінен ұлттық құраманың бес спортшысы финалға шықты. Еске салайық, қазақ күресінен алғашқы жарыс күні сынға түскен қазақстандық 8 спортшы алтын жүлдеге ие болған.