Pavlodar, KZ
Ясно

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының екінші жарыс күнінің қорытындысы белгілі болды.

Медальдық есепте турнирдің бірінші күнінен бастап қазақстандықтар көш бастады: қоржында барлығы 25 медаль – 14 алтын, үш күміс және сегіз қола медаль. Қырғызстан 14 медальмен екінші орында, ресейліктерде он медаль бар.

Көшпенділер ойындарында Павлодар облысы атынан барлығы жеті спортшы қатысуда: Серік Ақтаев пен Ернұр Мерешев Овариде өнер көрсетеді. Асық атуда – Жомарт Нұрланов пен Керім Жаздықбай. Орда ойынынан Саят Қизат, кураштан Алтынай Нұрханова, абай күрестен Мұхтар Дәлелханұлы өнер көрсетеді.

Добавить комментарий