Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында еліміздің агроөнеркәсіп қызметкерлері дәстүрлі түрде өткізетін «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрмесі өткізілді.
«Дала күні» аталынып кеткен шара Ақмола облысының Ақкөл ауданы, Еңбек ауылында, өңірдің ең технологиялық жабдықталған шаруашылықтарының бірі – «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында ұйымдастырылды.
Дала мәдениеті көшпенділер дәстүрінің негізі екенін біледі. Осындай месседжді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да қолдады. Өз кезегінде, ойындарға жауапты Дирекция «Jańa Dala / Green Day 2024» аясында агрофорумда экспозициялық көрме ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен Наиль Нуров басшылық ететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция мамандары екі күндік форумда агроөнеркәсіп кешені мамандарын ойындармен таныстырып, жылдың маңызды бәсекесінде бірге болуға шақырды.
Айта кетерлігі, алқап күні форматындағы дәстүрлі агрофорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Республикадағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ аграрлық өндіріс пен агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады.
Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Ұлы дала дүбіріне жиналатын спортшылар спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салмақ.