Pavlodar, KZ
Ясно

Елордада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды. Бүгінгі таңда ұлттық құрама спортшыларшылары анықталып, қатысушылардың барлығы дерлік дүбірлі додаға сақадай сай.

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, садақ ату спорт түрі бойынша елімізге 35 мемлекеттен 200-ден аса спортшы келеді.

Дәстүрлі садақ атудан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын 10 спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың мүшелері де дайындық барысында отандық өнімді пайдаланып, жаттығуларын пысықтап жатыр.

Ойындарда дәстүрлі садақ ату бойынша жарыстар 8-12 қыркүйек күндері «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешені алаңында өтеді.

🎟️Билеттер www.zakazbiletov.kz сайтында қолжетімді

Добавить комментарий