5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының координатор- волонтер, тимлидер-волонтерларын оқыту семинарының соңғы қорытынды кезеңі өткізілді.

Семинар сабақта Ойындар кезіндегі қауіпсіздік, шетелдік спортшылармен, арнайы өкілдермен байланыс, командалық жұмыс т.б. тақырыптар қамтылды. Шара соңында волонтерлерге Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қызмет атқаруға рұқсат беретін арнайы сертфикат табысталды.

Айта кетерлігі, волонтерлермен жұмыс бөлімі 12000-нан астам адамды қамтыған 112 кездесу өткізді.

Ерікті болғысы келетіндерге 4500-ден астам өтінім берілді. Волонтерлік өтінімдер Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Германия, Франция, Испания, Корея, Түрікменстан, Беларусь және Гана Республикалары және басқа елдерден келіп түсті.

Добавить комментарий