Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы бәйгеге шабатын аттар:

Құнан бәйге бойынша:

І орын – Сұңқар атты тұлпар, шабандозы Абзал Тұрғанбек.
II орын – Бақторы, шабандоз – Ділнұр Нұрмұқаш.
III орын – Сениорита есімді жылқы, Шабандозы – Абзал Тұрмыс.

Топ бәйге бойынша:

I орын – Зымыран,шабандоз Арнат Мұратхан.
II орын – Маймақ, шабандоз – Абзал Тұрмыс.
III орын – Ертұран, шабандоз – Исламнұр Еркөс.

Жорға жарыс қорытындысы бойынша:

I орын – Аквамарин, шабандоз – Евгений Чибисов.
II орын – Триумф, шабандоз – Әлия Тоқтасынова.
III орын – Профессор, шабандоз – Ерұлан Тілеуғалиұлы.

Аламан бәйге бойынша:

I орын- Виза есімді жүйрік, шабандоз – Алихан Бақытханұлы.
II орын – Күрең ат, шабандоз – Арнат Мұратхан.
III орын – Әлқисса атты тұлпар, шабандоз – Мәди Жолшыбек.

Еске салайық, 3 тамыз күні Павлодар қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өткен болатын.

Добавить комментарий