Атом ғылымында және жалпы Атом электр станциясын салуда маңызды мәселе бар. Оның құрылысына бел буған ел, қажетті әдіс-тәсілді білуі қажет. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси, 24.kz арнасының Венадағы меншікті тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Screenshot

Қазақстанның атом энергетикасын дамыту жоспарын және біздің еліміздің көміртексіздендіру жоспарын қалай бағалайсыз?

– Агенттігіміз Қазақстанмен көптен бері жұмыс істеп келеді. Қазақстан сонау Кеңес заманында атом энергиясы бар елдің бір бөлігі ретінде оны тұтынған еді. Бұл маңызды болды, өйткені ол технологиялық базаны құрды және бүгінде Қазақстанда технологияны білу және қолдануда өте тәжірибелі мамандар көп. Дегенмен, бүгінде сіздердің елдеріңізде өзіндік атом энергетикасының өндірісі жоқ. Бірақ атом энергетикасы саласында жаңа жоба бар. Мен Президенттеріңізбен кездесіп, осы мәселені талқылау мүмкіндігі мен құрметіне ие болдым. Мен агенттігіміз сіздің еліңізге кеңес берді деп айта аламын, біздің алдымызда сіздің елге алға жылжу үшін қажет ядролық, институционалдық және реттеуші инфрақұрылымды анықтау және сараптау миссиясы тұрды. Сондай-ақ биылғы жылы біз сіздердің елдегі қазақстандық ядрошылармен бірлесе отырып, түрлі тренингтер мен кездесулер өткізу үстіндеміз, егер осы жоба бойынша оң шешім қабылданса, Қазақстанның ядролық энергия өндірісін енгізу жөніндегі күш-жігерін сүйемелдеуге және қолдауға дайындалудамыз.

Агенттік Қазақстанның елдегі бірінші атом электр станциясын салу және пайдалану жөніндегі жоспарларын қалай қолдауда?

– АЭЖХА сіздің елдегі қажетті инфрақұрылымды бағалау процесіне бастамашы болды. Нәтижесінде біздің мамандар мен сарапшылар қорытынды есеп алып, онда Қазақстанның өз ядролық бағдарламасын іске қосу үшін қажетті негіз бар екенін анықтады. Біз сондай-ақ елдегі қауіпсіздік стандарттарының қолданылуын талдадық және бастапқыдан оң көзқарасқа келдік. Енді Қазақстан елдің осы бағытта қозғалғысы келетінін немесе келмейтінін шешуі керек. Бұл жаңа кезеңді ашады: қандай технологияны таңдайсыз, қандай көлемдегі атом электр станциясын таңдайсыз. Бұл өте маңызды шешімдер. Бұл өз кезегінде біз көрсететін қолдау түріне әсер етеді. Айта кету керек, сіздерде ядролық бағдарламаны бастаған басқа елдерге қарағанда тәжірибе көп. Сіздің еліңіз бұл салаға тарихи түрде араласты. Ал бүгінде Қазақстанда Төмен байытылған уран банкі жұмыс істейді, оны нарықта қажет болған жағдайда немесе уран жеткізілімдері жетіспеген жағдайда пайдалануға болады. Тұтастай алғанда, Қазақстан өз тәжірибесіндегі тиімдісін алады, бұл шешім қабылданған жағдайда өте пайдалы болады. Бұл тәжірибе процестің басқа елдерге қарағанда бірқалыпты және жылдам өтуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Добавить комментарий