«Ертіс толқыны» облыстық әдеби-шығармашылық байқауы туралы

ЕРЕЖЕ 

  1. «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы жас ақындар мен жазушылар арасында облыстық әдеби-шығармашылық байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
  2. Байқаудың мақсаты – қазіргі заманғы отандық әдебиетті дамыту және кітап оқу мәдениетін насихаттай отырып, өңірлердегі талантты жас қаламгерлердің еңбегіне лайықты баға беру.
  3. Тақырыптық ұсыныстар:
  • Өз шығармасына ұлттық болмысты арқау ете отырып, қазіргі заман мен келешекке сай тың ой, жаңа образ жасау;
  • Адамзаттық құндылықтар, әділет, ар-ұят, адам құқығы сынды тақырыптарды көтеру;
  • «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қарапайым еңбек адамының болмысын ашу және еңбек құндылықтарын дәріптеу;
  • Жас ұрпақты білім мен ғылымға, ана тіліне, ел тарихын қадірлеуге үндеу (әр өңір өзіндік ерекшеліктеріне қарай толықтыра алады).
  1. Байқау негізгі үш – «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша өткізіледі.
  2. Байқауға 18-ден 45 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы.
  3. Бір автор/авторлар тобы тек бір номинацияға қатыса алады.
  4. Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады.
  5. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды.
  6. Байқауға бұрын-соңды жарияланған шығарма қабылданбайды.
  7. Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін «Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.
  8. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
  9. Байқауға қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен емле заңдылығы сақталмаған шығармалар қатыстырылмайды.
  10. Автор/авторлар байқауға қатысу үшін өз жұмысын жібере отырып:
  • осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді;
  • ұйымдастырушының туындыларды (толық немесе ішінара) БАҚ-та, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;
  • ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады.
  1. Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 25, «Поэзия» номинациясына 15, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына 15 беттен аспайтын жұмыстар қабылданады.

«Проза», «Поэзия», «Балаларға арналған шығарма» номинациялары бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

  1. Байқау жұмыстары А4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек.
  2. Байқауға ұсынылатын шығармалар sadvokassova@amanatpartiasy.kz электрондық мекенжайына жолданады.
  • Материалдың электрондық нұсқасы бүркеншік атпен бөлек файлға салынып (автордың дерегінсіз) жіберілуі тиіс;
  • Автор туралы мәлімет пен байланыс деректері (А.Ә.Т, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат, туған жылы) бөлек файлмен қоса жолданады.
  1. Шығармалар 2025 жылы 16 маусымнан 16 тамызға дейін қабылданады.
  2. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында 2025 жылдың 31 тамызына дейін өткізіледі (уақыты қосымша хабарланады).

Добавить комментарий