Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі 10 тамыз күні келушілерге есігін айқара ашады!
Тек 10 тамыз күні: экспозицияларды тегін тамашалап, Қазақстанның мәдени мұрасы жайлы тереңірек білім алуға және Абай тұлғасынан шабыт алған өнер туындыларымен тереңірек танысуға мүмкіндік аласыздар.
Уақыты: 10 тамыз, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін
Мекенжайы: Н. Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі, Торайғыров көшесі – 44/1.
Кіру – барлық келушілер үшін тегін!