Потанин атындағы облыстық өлкетану музейі «Қимақ: дала аңыздары және өткеннің мұрасы» музейлік жобасының аясында «Қимақ: кадрдағы тарих» видеороликтер сайысын ұйымдастырады.

Ереже бойынша конкурсқа Павлодар қаласының оқушылары қатыса алады (12-20 жас). Үміткер конкурска қатысу үшін 2025 жылдың 10 мамырына дейін өтінімді толық аты-жөні мен оқу орнын көрсетіп, видеороликті (MP4, MOV форматында) музейдің электронды поштасына – pavl_muzei@mail.kz жолдауы керек (Байланыс нөмірі: WhatsApp 87056078099).
Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 18 мамырында жарияланады.

Байқауға ұсынылған шығармаларға қойылатын талап бойынша, тақырыбы Қимақтар туралы әңгіме, олардың тарихы, мәдениеті мен маңызы болуы қажет. Бейнероликтің ұзақтығы – 1 минуттан аспауы керек. Қимақтар туралы ақпаратты көрсету үшін суреттер, бейнемазмұн және графиканы қолдануға рұқсат етіледі.
Конкурс «Даланың аңыздары туралы ең үздік видеоролик» (Дала халықтарының мифтері мен аңыздарын терең ашатын, ең түбегейлі әрі ерекше видеоролик үшін); «Креативті көзқарас» (Құралған материалдың ерекше әрі креативті ұсынуымен, бірегей концепция мен стильді видеоролик үшін); «Даламен шабыттану» (Даланың рухын, табиғатын және атмосферасын визуалды образдар мен дыбыс арқылы ең үздік көрсететін видеоролик үшін) номинациялары бойынша өтеді.

Әр номинация бойынша жеңімпаздар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталады.

Добавить комментарий