Педагогика саласының ардагері, КСРО және Қазақ КСР-нің халық ағарту ісінің озық қызметкері, Ы. Алтынсарин атындағы медаль иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар облысының және Баянауыл ауданының құрметті азаматы Зекебай Солтанбаевтың 95 жылдығына арналған «Қаламы – қасиет, сөзі – өсиет» облыстық жыр мүшәйрасы өтеді.

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен
облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы ұйымдастыратын сөз сайысына Павлодар облысының 7–11-сынып оқушылары қатыса алады.

Мүшәйраның шарттары:
Зекебай Солтанбаевқа арналған бір арнау өлең және еркін тақырыптағы авторлық бір өлең жазу. Өлең көлемі – 2 бетке дейін болуы шарт. Шығармалар Word нұсқада, электронды түрде қабылданады.

Байқауға қатысу туралы өтініш пен шығармалар 2026 жылдың, 10 наурызына дейін жолдануы тиіс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ақпарат үшін байланыс номері: 8 702 866 51 41

Добавить комментарий