Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы» мүшәйрасын жариялайды.
Байқау шарты бойынша, мүшайраға Павлодар облысының жоғарғы оқу орындарының студенттері қатыса алады.
Әр қатысушы екі өлең жолдауы қажет: біріншісі, Абай Құнанбайұлына арнау немесе өмірі мен шығармашылығына қатысты бір өлең; Еркін тақырыпта бір өлең. Өлеңдер жеке шығармашылық жұмыстар ретінде қабылданады. Өлеңдер берілген тақырып аясында ғана жазылуы тиісті, сай келмейтін өлеңдер қатыстырылмайды. Плагиат болған жағдайда ақын сайыстан шығарылады (Өлеңдер А4 форматындағы Times New Roman 14 шрифтімен және қара түспен терілген болуы тиіс).
Өлеңдер 2025 жылдың мамыр айының 23-іне дейін ұйымдастырушыларға жолдануы тиіс.
Өлеңдер шығармашылық көзқарас, тілдік құралдар мен көркемдік сапалар бойынша бағаланады. Қазылар құрамына әдебиеттанушылар мен ақындар енеді.
Жүлделі орындар:
1-орын – біреу;
2-орын – біреу;
3-орын – біреу.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімі «Абай күні» қарсаңында өтеді.
Анықтама телефоны: 8 747 720 56 49