Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Елена Шпеттердің «Тасқа түскен нәзіктік» атты интерьерлік картиналар көрмесі ашылады.

Табиғи кәріптас пен меруерт қолданылған қолөнер туындылары табиғаттың жылуын, көріністің жарқындығын және автордың көңіл күйін жеткізеді. Пейзаждар, сәулеттік көріністер мен танымал картиналардың көшірмелері ұсақ кәріптас бөлшектерімен әрленген. Бұл туындылар көрерменге мөлдір ауа мен су сылдырының дыбысын естіп, биікте самғаған құстарды елестетуге мүмкіндік береді. Интерьерлік картиналар кез келген кеңістікке жан бітіріп, бөлменің стилін айқындайтын, үй иесінің талғамы мен мінезін жеткізетін маңызды детальға айнала алады.

Көремнің ашылуы ертең, яғни 20 маусымда, сағат 16:00-де өтеді.

Добавить комментарий