
Кей күндер бар – сағыныштың иісі аңқып, үнсіздіктің өзі де бір өлеңге айналатын… Сол күндердің бәрінде – біз іздедік. «Кімдерді?» дейсіз бе?
Мүмкін, өзімізді… Мүмкін, ұмыт қалған сезімді… Мүмкін, әлдеқашан жоғалған жылылықты.
«Құсқанат-ғұмыр» әдеби бірлестігі жырсүйер қауымды «Сені іздеген күндер» атты іздеу мен табудың, сағыныш пен үнсіздіктің арасынан өрілетін жыр әлеміне шақырады. Мұнда әр өлең – бір жанның сыры, әр сөз – бір жүректің лүпілі.
«Сені іздеген күндер» – бұл жай ғана кеш емес, бұл – адам жанындағы нәзік сезімдердің, ұмытылмаған естеліктердің және сөзбен суреттелген сағыныштың мекені.
Ән-жыр кеші 11-қараша күні, сағат 17:00-де, Марғұлан университетінде (5 корпус, АКТ зал) өтеді.
Келіңіз…
Өлеңмен тыныстап, жырмен сөйлесіп, жүрекпен тыңдайық. Себебі әркімнің өмірінде бір «Сені іздеген күн» бар…
