Pavlodar, KZ
Ясно

Бүгін ХХХІІІ жазғы Олимпиада шеңберінде әйелдер арасындағы қазақстандық триатлон шебері Екатерина Шабалина ақтық бәсекеде бақ сынайды.

Нысана көздеуден (50 метр) Ислам Сатпаев пен  Константин Малиновский іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Отандастарымыз Парижден алтын әкеледі деп үміт артып отырған спортшымыз Махмұд Сабырхан (57 келі) өзінің 1/8 финалында испандық Хосе Кильеспен жұдырықтасады.

Сондай-ақ, спорттық гимнастикадан ерлер арасында Милад Карими ақтық сында өнер көрсететін болады.

Жерлестерімізге сәттілік серік болсын.

Олимпиаданың медальдік кестесінде Қазақстан құрамасы 12 орында келеді. Қоржынымызда 1 алтын мен екі қола медаль бар. Еске сала кетейік Париж Олимпиадасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы Парижде өтуде.

Добавить комментарий