Шілденің 29-нан 30-на қараған түні Париж рингіне қазақстандық екі былғары қолғап шебері шығады. Түнгі сессияда 1/8 финал шеңберінде 63,5 келі салмақта отандасымыз Мұхамедсабыр Базарбайұлы тайваньдық Лай Чу Еньмен жұдырық түйістіреді.
Ал, Қамшыбек Қоңқабаев (92+ келі) пен испаниялық Аюб Гадфа Идрисси өзара мықтыны анықтайтын болады.
Еске сала кетейік 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы әзірге 8 орында келеді. Қоржынымызда 1 алтын мен екі қола медаль бар.