Pavlodar, KZ
Дымка

Облыстар «жепе-жегі» Республика күніне арналады. Сайыста айтыскерлер, дәстүрлі әншілер, күйшілер, жыршы-термешілер сынға түседі.

Өнер бәсекесінің қазылар алқасына Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман төрағалық етеді. Ақындар Ғалым Жайлыбай, Қалқаман Сарин, күйші Тұрар Әліпбаев, дәстүрлі әнші Ұлжан Байбосынова, термеші-жыршы Ерболат Шалдыбеков қос облыс өнерпаздарын бағалайтын болады. Өнер бәсекесін Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол Әлтай жүргізеді.

Құрметті өнерсүйер қауым, жанкүйерлер!

Баршаңызды 25 қазан күні, сағат 15:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында күтеміз!

Кіру тегін!

Добавить комментарий