Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығы әуесқой және кәсіби ағаш ұсталары арасында байқау өткізбек.

Қатысушылар қазақ ұлттық мәдениеті мен дәстүрлі өнерінің элементтері бар ағаш фигура немесе декор нысанын (мүсінше, сәндік элемент, миниатюралық мүсін, сәндік панель және т.б.) жасауы тиіс.

Ою-өрнектер мен нышандарды кез келген тәсілмен оюға болады.

Өтінімдер 5 қазанға дейін қабылданады.

Толық ақпаратты 8 (707) 665 58 03 телефоны арқылы білуге болады.

Добавить комментарий