Pavlodar, KZ
Дымка

20 шілдеде қала күні атап өтіледі. Қалалық әкімдік сол күнге арналған бағдарламаны жариялады. Бағдарламада концерттер, спорттық жарыстар, көрме, бәйге және басқа да шаралар бар. Сондай-ақ кешке «Ertis Promenade» қаланың басты сахнасында үлкен концерт өтеді.

Мерекелік іс-шаралар орталық жағалауда сағат 06:00-де бастау алады, онда «Qala run» жүгіру жарысы өтеді;

🔸сағат 10:00-де «Құлагер» ипподромында бәйге өтеді, онда қызықты жарыстар ғана емес, көрермендер арасында жүлделер ұтысы, ұлттық тағамдардан дәмтату күтіледі;

🔸сағат 11:00-де Гагарин саябағында мерекелік концерт ұйымдастырылады;

🔸сағат 12:00-де Усолка шағын ауданында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен концерттік-ойын бағдарламасы өтеді;

🔸сағат 12:00-де Жағалауда жаңа шағын саябақтың тұсаукесері және «14 REGION» көркемсурет көрмесі өтеді;

🔸сағат 12:00-де Теміржолшылар клубы балалар мен ересектерді көңілді концерттік-ойын бағдарламасына шақырады;

🔸сағат 14:00-де Екінші Павлодар шағын ауданындағы Литвинов саябағында қаланың шығармашылық ұжымдарының концерті және «Амадеус» мерекелік агенттігінің ойын-сауық бағдарламасы өтеді;

🔸сағат 15:00-де Химқалашық шағын ауданындағы №16 мектеп аумағында қаладағы балалар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама басталады;

🔸«Достық» шағын ауданында сағат 15:00-де «Амадеус» мерекелік агенттігінің жарқын шоуы және қаланың шығармашылық ұжымдарының музыкалық құттықтаулары өтеді;

🔸сағат 16:00-де қалалық мәдениет және демалыс саябағында Металлургтер күніне орай «KSP Steel» ЖШС үздік қызметкерлеріне құрмет көрсететін бағдарлама өтеді;

🔸сағат 16:00-де Әміре Қашаубаев клубы (Жаңауыл ауылы) барлығын қала күніне арналған мерекелік іс-шараға шақырады;

🔸сағат 16:00-де орталық жағалауда жасөспірімдер арасында футболдан қалалық турнир өтеді;

🔸сағат 17:00-де орталық жағалауда садақ атудан жарыс өтеді;

🔸сағат 17:00-де орталық жағалауда (Қайырбаев көшесімен түсу бөлігі) кітап алмасу (әдебиет), өсімдіктер, макулатура жинау бойынша «ДАРМАРКА» өтеді;

🔸сағат 18:00-де орталық жағалауда әуесқойлар арасында стритлифтинг бойынша қалалық турнир және бұқаралық күрес бойынша жарыстар өтеді;

🔸сағат 18:00-де Усолка шағын ауданында түрлі спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді: садақ ату, дартс, жағажай волейболы, арқан тарту;

🔸сағат 19:00-де қаламыздың «Ertis Promenade» басты сахнасында мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.

Добавить комментарий