Париж төрінде жалауын көтерген ХХХІІІ жазғы Олимпида мәресіне жақындаған сайын медаль үшін бәсеке қиындап келеді. Кіл мықтылар арасынан кім мықты екенін дәлелдеу кез-келген атлеттің мақсаты екені анық.

Кешегі күні қазақстандықтар екі алтын аламыз деп болжам жасап, бәс тігіп еді. Өкінішке орай олай болмады. Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған балуанымыз Демеу Жадраев ақтық сында жапон спортшысы Нао Кусакомен кездесіп, 5:2 есебімен ұтылып қалды. Белдесудің бірінші жартысы біздің спортшы пайдасына шешіліп еді. Тіпті жапондық партерге де жатты. Алайда нәтиже бермеді. Қарсылас осал емес, UWW рейтингісінде көш бастап тұрған балуан. Мұның алдында Демеу бұл тізімде екінші және үшінші тұрған Ақжол Махмұдов (Қырғызстан) мен Санан Сулеймановты (Әзірбайжан) ұтқан еді.

Жұртшылық тағатсыздана күткен сәт бокстан арасында 80 келі салмақтағы отандасымыз Нұрбек Оралбай мен украиналық Александр Хижняктың финалдық кездесуі еді. Бірінші раундтан бастап қарсылас жылдам шабуылдармен бастады. Таразы басы қай жаққа салмақ саларын белмеген алғашқы раунд 3:2 есебімен А.Хижняктың пайдасына шешілді. Екінші үш мнуттықта Нұрбек есе қайтаруға барын салды. Солдай болды да, 2:3 есебі тіркеліп, алтынға бір қадам жақындап қалып едік. Алайда үшінші рауны түгел төреші украиналық мықты деп шешті. Осылайша аздаған айырмамен күміс медальды қанағат тұттық.

Бұған дейін әйелдер арасында 50 келі салмақта Назым Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юмен жұдырықтасып, қоржынымызға қола медаль салған болатын.

Осылайша 1 алтын, үш күміс және үш қоламен Қазақстан құрамасы медальдік есепте 28 орынға тұрақтады.

Алда еркін күрестен балуандарымыздың жарыс жолына түспек. Сондай-ақ, спорттық құзға өрмелеуден Әмір Маймұратовтан да жүлде күтетін боламыз.

Добавить комментарий