Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай (50 келі) ел қоржынына қола медаль салды. Жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді.
Ал бүгін түнде ерлер арасында 80 келі салмақтағы былғары қолғап шеберіміз Нұрбек Оралбай украиналық азулы қарсылас Александр Хижнякпен Олимпиада алтыны үшін жұдырық түйістіретін болады.
Сондай-ақ, грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған балуанымыз Демеу Жадраев әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері әзірбайжандық Санан Сулеймановты жеңді. Осылайша ол Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.