ХХХІІІ жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы 12 орында келеді. Қоржынымызда 1 алтын мен екі қола медаль бар.
Кешегі күні садақ ату бойынша 1/32 финалда отандасымыз Ильфат Абдуллин канадалық қарсыласы Эрик Питерске есе жіберді. Есеп 6.4.
Ал ерлер арасында 100 метрге жүзуден Әділбек Мусин сегіз спортшы қатысқан додада мәре сызығын соңғы болып қиды.
Есесіне былғары қолғап шеберлері нәтижелі өнер көрсетті. Алдымен рингке 80 келі салмақтағы Нұрбек Оралбай көтерілді. Қарсыласы австриялық Каллум Питерс. Бірінші раундта отандасымыз 5:0 есебімен алға шықты. Ал екінші кезеңінде қарсылас көзсіз шабуылға көшті. Сондай бір сәтте рефери біздің спортшымыз нокдаун алды деп есеп ашты. Бұл өз кезегінде Нұрбекті қайрай түсті. Қорытынды есеп 3:2. Нұрбек ширек финалда.
Ел назары 51 келі салмақтағы боксшымыз Сәкен Бибосынов пен түрік Самет Гюмюш арасындағы тартысты бәсекеге ауды. Қарсылас осал емес. Дегенмен С.Бибосынов айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Ендігі кезекте ол тамыздың 2-і күні ежелгі қарсыласы Хасонбай Дусматовпен қолғап түйістіреді.
Еске сала кетейік Париж Олимпиадасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы Парижде өтуде.