Pavlodar, KZ
Ясно

Павлодар қаласы күзде өтетін Көшпенділер ойындарына қатысу мүмкіндігі үшін күресетін Қазақстанның үздік шабандоздарын қарсы алады.

Алдағы сенбі, 2024 жылғы 3 тамызда сағат 15:00-де Павлодар ипподромында бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Сонымен қатар, бұл дода бәйге түрлерінен Дүниежүзілік көшпенділер Ойындарына іріктеудің І кезеңі болып саналады.

Еліміздің үздік шабандоздары бәйгенің төрт түрі: құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және жорға жарыс бойынша күреседі.

Жалпы жүлде қоры – 24 900 000 теңге.

Сондай-ақ, чемпионаттың бас серіктесі көрермендер үшін жалпы сомасы үш миллион теңгені құрайтын жүлделер ұтыс ойынын өткізеді.

Добавить комментарий