
Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі қала тұрғындары мен қонақтарын «Жұлдызды палитра» есептік көрмесінің ашылуына шақырады.
«Жұлдызды палитра» павлодарлық кескіндеме шеберлерінің – Қазақстан Суретшілер одағының мүшелерінің, сондай-ақ суретші-педагогтардың шығармаларын біріктіреді. Экспозиция жергілікті шеберлердің шығармашылық ізденістерінің кең ауқымын көрсетеді: дәстүрлі кескіндеме және қазақстандық көркемсурет мектебінің байлығын ашатын заманауи авторлық шешімдер.
Көрменің мақсаты – өткен жылдың шығармашылық қорытындыларын шығару, жаңа туындыларды ұсыну, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын көрсету: тәжірибелі шеберлердің жұмыстарының қасында қаланың көркемдік білімін дамытуға елеулі үлес қосатын суретшілердің туындылары ұсынылатын болады.
Өтетін күні, уақыты: 11 желтоқсан, сағат 16:00-де;
Өтетін орыны: Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі
