Павлодар облысы Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы «Ұлттық кітап күніне» орай кітап оқу бәйгесін жариялайды.

Бәйгенің мақсаты мен міндеттері:

 – Қоғамда мемлекеттік тілді дәріптеу және оның қолдану аясын кеңейтуге ықпал ету арқылы тіл саясатының негізгі басымдықтарын жүзеге асыру;

– Қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту және оқырман белсенділігін арттыру арқылы рухани-мәдени әлеуетті нығайту;

– Қазақ әдебиетінің классикалық және заманауи үлгілерін насихаттау арқылы ұлттық әдеби мұраны сақтау және келер ұрпаққа жеткізу;

– Қазақстанның көрнекті қаламгері Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын кеңінен таныстыру, оның әдеби мұрасын терең меңгеруге жағдай жасау;

– Жастар мен ересек буын өкілдерінің кітапқа деген қызығушылығын арттыру арқылы зияткерлік әлеуетті дамыту және қоғамда оқу дағдысын қалыптастыру.

Бәйгенің мерзімі мен өткізілу форматы:

– Қатысушылар Мұхтар Мағауиннің «Көкбалақ» және «Шақан Шері» романдарын оқуы тиіс.

– Шешуші кезеңде екі бағыт бойынша тапсырмалар беріледі: «Көкбалақ» романы бойынша жазбаша тест тапсырмалары; «Шақан Шері» романы бойынша ауызша билет сұрақтары;

Қатысушылар барлық жол жүру шығындарын өздері көтереді;

Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

Қатысу талаптары:

– Бәйгеге 16 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады;

– Қатысу үшін алдын ала өтінімді 14 мамырға дейін беру қажет;

Өтінімде келесі мәліметтер толық көрсетілуі керек:

– Аты-жөні;

– Туған күні, айы, жылы;

– Жұмыс немесе оқу орны, лауазымы (қажетіне қарай);

– Байланыс нөмірі.

(Өтінім тапсырғаннан кейін көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, өтінімнің қабылданған-қабылданбағанын нақтылау қажет).

Бәйгенің шешуші кезеңі 19 мамыр күні өтеді.

Байқау жеңімпазына Бас жүлде — Мұхтар Мағауиннің 26 томдық толық шығармалар жинағы табысталады. Бұл – ұлттық әдебиеттің алтын қорына енген, аса құнды жинақ болып табылады.

Байланыс ақпараты:

Қосымша ақпарат пен өтінім қабылдау:

* Ақсу қаласы орталықтандырылған кітапханасы

* Телефон: 8 718 37 50059, 50628, 87054078894

* Электронды пошта: cb.aksu@mail.ru

Добавить комментарий