Заманауи кітапхана кітап оқитын орын ғана емес, қызықты кездесу ордасы, пікір алмасу ортасы, демалу орталығы.

22 сәуір күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапхана түні» акциясы өтеді. Сағат 18:00-де басталатын кітап мерекесінен қалыс қалмаңыздар. Іс-шара мәдени-рухани орталық ретінде, жергілікті тұрғындарды кітапханаға тарту, кітап оқуды ілгерлету мақсатында өтеді. Кітапхана түнінің тақырыбы – «Ауыл кеші көңілді».

Кітапхана түнінде Жаяу Мұса Байжанұлының 190, Майра Шамсутдинованың 135, Иса Байзақовтың 125, Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына арналған мазмұнды кездесулер ұйымдастырылады.

Добавить комментарий