Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма тетары жазушы Сәкен Сыбанбайдың «Үміт үйі» шығармасының желісі бойынша «Балам, қашан келесің?..» драмасын көрермен назарына ұсынбақ.

Режиссер Жұлдызбек Жұманбай сахналаған қойылым қарттар үйіндегі ауыр тағдырларды бейнелейді.

Қарттар үйі тұрғындарының күнтізбесінде тек бір ғана күн бар. Ол – «бүгін келеді» деген үміт күні. Алты тағдыр, алты түрлі өкініш және бір ортақ күту залы. Бұл мекенде уақыт тоқтап қалғандай, тек есіктің әрбір шиқылы жүректі дүрсілдетеді. Өз үйінде сыймағандар, өз баласына «артық жүк» болғандар мұнда не іздейді? Олар перзентін кешіре ме, әлде қарғай ма? Ең басты сұрақ: есік ашылғанда табалдырықтан кім аттайды – сағынған баласы ма, әлде ажал ма?

Қоғамның кеселін, адамның асқынған дертін көтерген драманың премъерасы 26, 27-ақпан күндері, сағат 18:00-де өтеді.

Билеттерді театр кассасынан және Тикетон сайтынан ала аласыздар!

Добавить комментарий