4 наурыз күні, сағат 17:00-де Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Әділхан Қыпшақовтың «Шекарасыз әлем» атты жеке көрмесі ашылады.
Әділхан Қыпшақов 2005 жылы сирек кездесетін туабітті патологиямен – аяқ-қолсыз дүниеге келген. Он жасқа дейін Оңтүстік Қазақстандағы арнайы интернатта оқып, тәлім алды. Песчаное ауылының №2 орта мектебін аяқтағаннан кейін, 2021 жылы Павлодар қаласының «Ақпараттық технологиялар колледжіне» окуға түсіп, веб-әзірлеуші мамандығын меңгерді. Қазіргі уақытта С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алуда.
Әділханның «Жоғарғы және төменгі жақ аномалиясы» диагнозы белсенді оқуына және шығармашылығын дамытуға кедергі келтірмейді. Ол 2017-2019 жылдар аралығында «Жұлдызыңды жақ» вокалдық байқауына қатысып, 2-орынға ие болды. Сонымен қатар, көптеген музыкалық байқауларға қатысып, екі рет «Таланттар шайқасы» байқауының жеңімпазы атанды. Жас талант сурет салуға, бейне ойындарға, бейнемонтажға және шахматқа қызығады.
Оның өмірінде 2017 жылы әйгілі коуч, мотивация спикері Ник Вуйчичпен кездесуі ерекше әсер қалдырып, тұлғалық дамуына ықпал етті. Болашақта өз ісінің кәсіби маманы атанып, өзгелерді өз үлгісімен шабыттандыруды армандайды.
Көрме көрермендерге Әділхан Қыпшақовтың шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияда аниме стиліндегі иллюстрациялары мен отбасы архивінен алынған жеке фотосуреттері ұсынылады.