Актер Бекболат Оқасовты еске алу кеші өтеді.
Биыл талантты актер, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының ардақты өнерпазы Бекболат Оқасов тірі болғанда 50 жасқа толар еді. Өнерге адал, сахнаға шын берілген, жүрегі нәзік те, жалынды талант иесі болған Бекболат Оқасовтың есімі әріптестері мен көрермендерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл кеште ұжымы, замандастары мен достары оның өмірі мен өнер жолын еске алады. Өнерпазға деген сағыныш ешқашан өшпек емес. Еске алу кешінің өтетін орыны: Ж.Аймауытов театры; өтетін күні мен уақыты: 4 қазан, сағат 12:00.
