Әйгілі ақын, әнші-сазгер, ұлтымыздың дарынды перзенті Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналаған Халықаралық ақындар «Ертіс аясында» айтысы өтеді.

Өрелі өлең бәйгесіне республикамыздың өңірлерінен бөлек Қырғызстан мен Моңғолияның жыр жүйріктері де қатысады.

Айтыссүйер ағайын Аспанбек Шұғатай, Рауан Қайдар, Мизан Жұмаәлі (Павлодар), Асылбек Маратов (Қырғызстан), Қабдолла Бейісханұлы (Моңғолия), Дидар Қами (Қарағанды), Серік Қуанған (ШҚО), Қазірет Бердіхан (Алматы), Серікбол Панабердиев (Атырау), Мұқтар Қонарбай (Жамбыл), Қажымұқан Абзалов (Шымкент), Нартай Тілеуқұл (Ақтөбе) сынды ақындардың сөз сайысына куә болмақ.

Айтыстың алғашқы айналымы – 25 шілде күні, сағат 15:00-де, Ертіс аудандық мәдениет үйінде; ақтық мәре – 26 шілде, сағат 10:00-де, Ертіс алқабында өтеді.

Добавить комментарий