Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары!
18 шілде күні, сағат 19:00-де «Гагарин саябағында» «Жебе» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына орай «DOMBYRA DUMAN» шарасы өтеді.
***
Кием домбыра
Ием домбыра.
Бабам мұрасы,
Сүйем домбыра.
Құндақ домбыра,
Ырғақ домбыра.
Ғасыр безбені-
Жұмбақ домбыра.
Көсіл домбыра!
Шешіл домбыра!
Сезіне алмасам,
Кешір домбыра.
Үнім домбыра,
Күнім домбыра.
Жұлдыз шанақты,
Түнім домбыра.
Іңкәр домбыра,
Сұңқар домбыра.
Құлагер қанат,
Тұлпар домбыра.
Бұлбұл домбыра
Дүлділ домбыра.
Щоңыр бояулы
Күмбір домбыра.
Барым домбыра,
Нарым домбыра.
Сенсің жалғызым.
Арым домбыра.
Айым домбыра,
Қайың домбыра.
Жанымның айтар
жайын домбыра.
Серім домбыра,
Шерім домбыра.
Кербез әуенім,
Керім домбыра.
Ұлтым домбыра
Жұртым домбыра.
Дәстүр тұмасы,
Ғұрпым домбыра.
Көсем домбыра,
Шешен домбыра.
Болшы сен әр кез,
Есен домбыра.
Шіркін, домбыра,
Сілкін домбыра!
Сырбаз домбыра,
Сылқым домбыра!
Әскерхан АҚТАЙ,
Өскемен қаласы.