Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен «Амангелді Иман» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жазушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» романының таныстырылымы өтеді.

Бұл романда автор бір адамның тағдыры арқылы адамзатқа ортақ мәңгілік құндылықтарды – адалдық пен сатқындықты, мейірім мен қатыгездікті, махаббат пен төзімділікті тереңнен ашады. Роман оқиғасы кеңестік кезеңнен басталып, бүгінгі тәуелсіз дәуірмен сабақтас өрбиді.
Кітаптың бас кейіпкері Арғыннның басынан өткен адам баласы төзбес қасірет пен қиыншылық, Құралайдың оған деген адал махаббаты – шығарманың жалпы лейтмотиві десе де болады.
Шығарманың басты идеясы – қандай ауыр жағдайда да адам болып қалу, адамгершілікті сақтау қажеттігін тереңнен суреттейді.
Өтетін орыны: Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы;
Өтетін күні, уақыты: 2026 жылғы 11 ақпан, сағат 15.00-де
