Көркем шығарма тіліне қойылар талаптар адыр-адыр. Біздіңше, соның ең негізгісі, өзектісі (осының алдында да сан қайталап дәлелдемек болғанымыздай) –  нақтылық, дәлдік. Міне, осы орайда құбылысты неғұрлым дәл, шынайы бейнелеу керек тұстарда да жалпылама айтып өте шығушылық тәрізді кемшілікке көңіл бөлгіміз келеді.

Алдымен, жас ақын Болат Теміровтің «көп» сөзін пайдаланғанына қарайық («Жыр-бесік» жинағы ішінде, «Жалын», 1983):

 

…Аяққа баспа арынды –

Асатын алда жол сан көп. (178.)

 

Мен жырласам бір өзіңді ақын боп, –

Маған сенің қазынаңдай жақын көп. (179.)

 

Көп керек емес ренжіту үшін адамды,

Қуанту үшін жақсылық керек азғантай. (184.)

 

Аспанда көрінетін көп ноқаттай

Ұзаған құстар үні тұншығады. (184.)

 

Жылдардың дидарласып көп таңымен,

Қолма-қол талай істі атқарып ем. (191.)

 

Танымал ақын Әдібай Табылдиев өлеңдерін оқығанда да, «көп» сөзін қайталай беруге тап болдық («Жырлайды жүрек» жинағы ішінде. Жазушы, 1985):

 

Күнімді көз ашқанда сенен көрдім,

Гүліңді көп аралап, кенен тердім. (9.)

 

Құтты болып Отанға көп істерім,

Жемістерін молайтып беріп жатыр. (12.)

 

Ойпыр-ау, неге зерттеп білмегенмін?

Ойсырау… шашымнан көп мін дегенің. (20.)

 

Сәлем саған, жас үміт, жаңа жылым,

Жаңа жырың көп шығар, жаңа сырың?! (22.)

 

Жылқыны алды жау күші көп,

Жұлқынды қос бие кісінеп.

…Шапқылап солдаттар көп тегі, –

Атқылап дүрлікті, – жетпеді.

Далада қалды жау, үш жылқы

Андыздап мекенге беттеді. (28–29.)

 

Жаны сау жасқа көп қой бақ, –

Жаным-ау, көше – көктайғақ.

 

…Дағдырға кімдер шек қоймақ,

Мақсатым – жасау көп тойлап. (36.)

Бейнетің көп, жастығым, өте бердің,

Зейнетің көп, хош күнім, жетеледің. (40.)

Тұрған жоқ Клочков мәз болып,
Құрбандық көп болып, тарынды. (46.)

Сөз жоқ, осы келтірілген мысалдардың өзінде екі ақынның “көп” сөзін лайықты пайдалану үлгілерін де біраз ұшырастыруға болады. Бірақ аталған ақындар белгілі бір құбылысты не сезімді нақты, әсерлі өрнектеу орнына, үстірт баяндау, жалпылама айта салу жетегінде кетіп тұрған жоқ па деген сауал туады. Мәселен, Болат Теміровтен келтірілген алғашқы үш мысалда «көп» сөзі әрі көп ұғымын беруге, әрі ұйқас үшін алынып тұр делік. Ал бесінші мысалдағы «көп ноқаттай» тіркесінде көптік ұғымы көмескі тартып тұрғаны анық. Он құсты да, жиырманы да, елуді де жалпы «көп» дейміз. Бірақ «көп» дегенде, оның қаншалық мол екенін елестете аламыз ба?

Әдібай Табылдиевтен келтірілген бірінші мысалдағы «көп аралап» тіркесі гүлді ұзақ аралауды, шарлауды беру үшін алынып тұрғаны анық. «Ұзақ» сөзін «көппен» ауыстыру арқылы ақын ұтты ма, ұтылды ма? Екінші мысалдағы «көп» сөзі де сөз арасында әншейін айтыла салумен де әсерсіз, солғын естіліп тұрған жоқ па? Бесіншідегі жылқыны алған жауды күші “көп” деп таныстыру, солдаттарды “көп тегі” деп баяндай салу ақынның айтпақ ойын неғұрлым әсерлі жеткізуіне бөгет тудырмай ма?

Міне, осы іспеттес сауалдарға жауап беру үшін, “көп” сөзін ауыстырарлық сөздер сан алуан екенін, олардың қолданылар орнын, мәнін дәлелдеу үшін тағы бір топ мысалды ортаға саламыз:

  1. Гүл шашақтар жапырлап,

Қытықтайды мойнымды. // Сейфуллин С. (15, 188.)

  1. Таңға жақын – аспан бұлттан айығып, сықсиып жұлдыз самсады. // Майлин Б. (16, 250.)

3. Жыбырлап көлдің беті шағаламен,

Даусы бар аққу, қаздың әлдеқайда! // Майлин Б. (17, 11.)

  1. Әсіресе, балалар жағы нандарын лезде жеп алып, енді қазан-аяқ маңынан кете алмай шүпірлеп жүр. // Жұмаділов Қ. (18, 371.)
  2. Тізілте тартып көшесін
    Көрікті үйлер соғыпты:
    Жыпырлап жұлдыз кешкісін
    Ауылды нұрға тоғытты. // Орманов Ғ. (19, 373.)
  3. Сыңсып тұрған шынарлар саясының
    Мал-жанға қандай еді жағымдары! // Торайғыров С.
    (20, 73.)
  4. Қарағайың сыңысып,
    Қалың малың қаптаған. // Жансүгіров І. (21, 179.)
  5. Қаздай қатар мыңғырып,
    Тізіліп көшкен елдер-ай. // Сейфуллин С. (15, 118.)

Қара Кеңгірдің көк балауса, жасыл шалғынды арғы жағасында, сонау ойпаттағы қамысты көлге дейін быжынаған ел көрінеді. // Есенберлин І. (22, 217.)

  1. Өздерін қоршаған қара нөпірден Абай аулының тек төбелері ғана ашық сияқты. // Оразалин Қ. (23, 4)
  2. Кедейменен алымды бірдей тартар,
    Азсынып, бықып жатқан сонша малын. // Торайғыров С. (20, 296)
  3. Құлазыған, қаңсыған,
    Шаңырқаған, шаң басқан,
    Қара құрты құжынап,
    Ордалы жылан арбасқан. // Аманжолов Қ. (24, 340.)

Бұл келтірілген мысалдарда құбылыс, адам, жан-жануарлардың сан мөлшері жалпылама, үстірт баяндала салмай, қанша және қандай жағдайда екені қоса ашылған. Мәселен, бірінші мысалда гүл шашақтарының сан мөлшерімен бірге орналасу тәртібін де қоса байқаймыз. Екіншіде жұлдыздардың қыруарлығымен бірге аспан ашық болғандықтан, соншалық айқын көрінетіні де қабат алынып тұр. Үшіншіде көл бетіндегі шағалалардың соншалық тығыздығы және өзіндік қозғалыс үстінде екені де бір ғана “жыбырлап” сөзіне сыйып кеткен. Төртіншіде де балалардың әрі едәуір екені, әрі өзіндік әрекеті сабақтаса өрілген. Бесінші, алтыншы, жетіншіде жұлдыз, шынар, қарағайдың соншалық жиі орналасуы дәл бейнеленсе, сегізіншіден кейінгі мысалдардың бәрі көп болғанда да, ересен молдықты жайып салуға арналған.

Міне, осы 11 мысалдағы құбылыс, адам, жан-жануар санын тек “көп” сөзімен белгілей салсақ, не болар еді? Онда олардың қанша екені де, қандай жағдайда, қандай әрекет үстінде болуы да жете ашылмай, күңгірт тартар еді. Бұл суреттер тек сан мөлшері туралы ұғым туғызуымен шектелмейді, соны нақты елестету, жағдай, әрекетін қоса қамту арқылы белгілі бір сезім тууына, дамуына да ықпал етеді. Сөйтіп, белгілі бір ұғымды танытумен бірге сезімге де неғұрлым пәрмендірек әсер етумен де сөз мәні кеңейіп, көтерер жүгі салмақтана түскен.

“Көп” сөзін орынсыз қолдану үлгілері аталған екі ақында ғана емес, басқа да жолдастарда жиі ұшырасатынына көз жеткізу үшін, жап-жақсы жырларымен оқырманды қуантып жүрген Иранбек Оразбаевтың 1980 жылы шыққан «Сұлулықпен сырласу» жинағына үңілейік:

Өз перзентін өзегіне теппейді,

Көргені көп, Көрері көп бұл ғасыр… (11-бет.)

 

Жүрегіме қимастық толады көп.

Мен талай асу-асу жолдан өттім. (14.)

 

Ақыны көп Алатау қырын қарап,

Сыр өкпелеп жүрмесін жыршы ұлына?! (15.)

 

Мына адам сәлемімді көп көреді,

Бәлкім, маған миятсыз өкпеледі. (24.)

 

Бір Соқырды бір Ақсақ жетелеп жүр… көп болды,

Ажыратуға оларды бар айламды төккем-ді. (28.)

 

Ойран сап жүрсем ортаңда,

Тудырсам кейде көп талас-

Ол мендік қана қолтаңба,

Жан емен жырға бақталас. (31.)

 

Көп болды жыр тумады расында да,

Тағар айып –

Ұлғайған жасында ма?! (40-41.)

 

Аяулы арманым ең көп аңсаған,

Сенбе дейсің?!

Сенемін!

Сенем саған!.. (48.)

 

Күнім,

Көп болды көзіңді бұлт басқанына,

Ақ қайың көлеңкесімен жұптасканына

Сызды салқынның баурағанына,

Жасып, жұқарып жаурағанына.

Күнім,

Көп болды телефондаспағаныңа,

Торыққаныма – тотыға бастағаныма. (57.)

 

Көкем қайтып көктемде елге келгем,

Көп жиналып қастерлеп жерге берген. (73.)

 

Өздерің бауыр басқан ауылды осы,

Басқарып тұрды көп жыл дүрілдетіп… (74.)

 

Кірген көрі қашқынның көп бейіттен,

Жырақ тұрған елеусіз тас молашық. (76.)

 

Уайымдап кейін көп жүрді,

Кірпіде қалған құйрығын. (83.)

 

Құдіретіме жер қанық,

Халық та мәз,

Жақтаған көп,

Игі істен жалыққан аз. (99-100.)

Осы іспеттес қайталауларды белгілі ақын Сейітқұл Оспановтың 1981 жылы жарық көрген «Күн көтерілген шақ» жинағынан да кезіктіреміз:

Мән бердім бе өмірдің көп заңына,
Балалық шақ…
Сақтадым нені есімде? (9.)

Анталайды,
Самсайды. (21.)

Аш қасқырша анталайды ойлар көп,
Сағынышың достарыңа жалған деп. (22.)

Кездерің көп:

Ызаланған,

Кектенген,

Өзіңді-өзің жерлеп, тергеп, жек көрген. (29.)

 

Қаншама көп,

Қаншама аз ұғынғаным,

Кешпейін деп басымнан мұның бәрін,

Телміремін ақ қанат арманыма,

Үміттерім лүпілдеп-ғұмырларым. (35.)

 

Қалай ғана ой-түйсіксіз боламын,

Мұндай таңдар ауылдағы көп пе еді? (35.)

 

Біле-білсем талабыма жаусын қас,

Сендіргенсің көп үмітті үзгенсің. (38.)

 

Алып қашқан арманы көп жандарды,

Тұлпарлар ма деп қаламын жолдарды. (39.)

 

Бағынбалық көп заңға,

Біле тұрып таластық. (40.)

 

Жолдар неткен көп еді,

Алыс қашқан алдымнан.

Жандар неткен көп еді,

Ақ тілегін жаудырған. (41.)

 

Шалғай жақтан шақырған,

Достар да көп ақ арман. (42.)

 

Өкпелейсің сен маған,

Кезіктің деп көп қызбен. (46.)

Сөз жоқ, біз бұл тұста да “көп” сөзін мүлде қолданбау керек демейміз. Тағы да ақындардың біраз ретте белгілі бір сөзді дұрыс кәдеге жаратқанын құптай тұра, сол ұғымды неғұрлым дәл, анық бейнелейтін басқа қаншама сөздер сұранып тұрғанын дәлелдегіміз келеді. “Көп” сөзін келтірмей, адамдардың, не белгілі бір құбылыстың қаншалық мол екенін бірер сөзбен жарқыратып бере алған бір топ мысалды жайып салайық:

  1. Комсомол мен пионері,

Келешек қазық сүйенер,

Өрбіп келет топ-топ-топ! //Б.Майлин (17, 399)

  1. Алғашқы келген әскер үстемеленіп, саны күн сайын көбейіп жатыр. // Мұқанов С. (25, 36)
  2. Үйде де мінбелеп тұрған шаруа жоқ. // Әуезов М. (26, 33).
  3. Көк майқара жусан мен қызыл изен дендеп өсетін. // Нұрпейісов Ә. (4, 184.)
  4. Бір боз үй желкесіне жата кеттім,
    Үй екен көп дәулетке бір молыққан. // Ешниязов Кете Жүсіп. (27, 199.)
  5. Снарядтар енді жүйдірмелетіп үсті-үстіне жауып кетті. // Нұрпейісов Ә. (4, 732.)
  6. Тұрмыс, маған от шашып,
    Бар дүниені лау қылшы!
    Абылай аспас тау қылшы! // Торайғыров С. (20, 91–92.)
  7. Ақ ауыл маңы көп топыр,
    Алыс қашқан алдымнан.
    Андыздай өрген мал қайнап.
    Жандар неткен көп еді,
    Қара үйлер қасы бос жатыр,
    Ақ тілегін жаудырған. (41.)
    Баспаған тұяқ маңайлап. // Орманов Ғ. (19, 17)
    Шалғай жақтан шақырған,
    Достар да көп ақ арман. (42.)
  8. Қасиетін бойының // Бекер төгіп шашқанға // Құнанбаев А. (28, 114.)
  9. “Имамдарға мың мәртебе алғыс пен шүкіршілік” – деген хабарлар медреселерде, мешітте түгел қаулады. // Әуезов М. (29, 86.)

 

  1. Күркіреп, күңіреніп ұласып аспан,
    Сіркіреп, бұлт тұмшалап, жаңбыр жауар.
    Дүркіреп жауқазындар жарар гүлін,
    Үлбіреп өсер шөптер, құлпырар қыр. // Жансүгіров І. (21, 67.)
  2. Бос уақытта жұмыстан

Төпеп енді тоқыды. // Сейфуллин С. (15, 293.)

  1. Жиырмадан шыққан соң отыз бардық,
    Қабырғасын сөгілтіп,
    Сол күнде қабындады ұрлық-қарлық. // Жұмабайұлы Тоқа. (30, 240).
    Қабырғадан аққан қан
    Ат бауырына төгілтіп,
  2. Бір құдай тілегімді қабыл етіп,
    “Әділ” жаннан түңілтіп,
    Жақсылық нұр жауғызсын, жұртым, сізге. // Торайғыров С. (20, 51.)
    Ат көтіне өңгердік. // Өтемісов М. (31, 71.)

…Әскердің алды бөгелді,

Міне, бұл мысалдардағы: өрбу, үстемелену, мінбелеу, дендеу, молығу, жүйдірмелету, түйдектеу, еселеу, қайнау, төгіп шашу, қаулау, дүркіреу, төпеу, қабындау, жауғыз сөздерінде белгілі бір адамдардың, құбылыстың өсуі мен дамуы берілуімен қатар олардың сан мөлшері де қоса ашылып тұрғаны анық.

Әрине, бұл мысалдардың бәрінде бірдей бөліп алынған сөздер негізгі мағынасында тұрған жоқ. Мәселен, “қайнау” сөзінің негізгі мағынасы “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” (5 том) «қатты қызудың әсерінен бүрқылдау, сарқылдау» деп көрсетілген. Ал біз мұнда “қайнау” сөзінің ауыспалы мағынасында қолданылуын алып отырмыз. Сөздікте “қайнау” сөзінің бір ауыспалы мағынасы –  «екпіні үдеп, күшейе, қыза түсу», тағы бір түрі –  «қаптап кету, құжынап жату» екені де анықталған.

Сөздердің негізгі ғана емес, ауыспалы мағынада да қолданылу үлгілері тіл байлығының бір қайнар көзі екені бұрыннан мәлім қағида. Ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану өз алдына дара мақсатқа айналуға тиіс емес, әр сөз өз орнын тауып, белгілі бір құбылысты неғұрлым дәл, әсерлі бейнелеуге бағындырылса ғана тиісті жеміс берері де белгілі.

Қырдан ойға төгілді.
Ханның тобы үш атты. // Бұ да сонда. (26-бет.)

  1. Үйсін, Найман саңлағы,
    Өстепкеге жиылдың,
    Алматыға құйылдың. // Жабаев Ж. (32, 56.)
  2. Сенде тұр жылқы мен қой, сиыр, түйе,
    Бұлақтай саулап тұрған сүтті бие. // Көпеев Мәшһүр-Жүсіп. (33, 24.)

Сонымен таңертеңгі шайды Әбен үйінің жасырын қонақтары ішіп бола бергенде, жаулар саулап келген. // Әуезов М. (29, 115.)

  1. Сонымен көктем күнінің түске жақындаған шағында,
    екі қабат үйдің барлық астыңғы, үстіңгі бөлмелерінен қалың жұрт ақтарылып шыға бастады. // Әуезов М. (26, 390.)
  2. Жалындаған жалынды өртке
    Қотарылдық қара селдей,
    Келіп жаумен бетпе-бетке,
    Араласып кеттік сеңдей. // Аманжолов Қ. (24, 299.)
  3. Айтқаның үйде отырып жел болады, Көз жасы көп жылаумен сел болады. // Көпеев Мәшһүр-Жүсіп. (34, 7.)

“Көп” ұғымын беру жолдары сан алуан. Соның бірі белгілі бір сұйық ағуын, жайылуын бейнелеуге арналған сөздердің мағынасы кеңеюі барысында жүзеге асады.

  1. Жөтелсе зеңбіректің оғын бүркіп,
    Оқ саңғып, үстіне от құсатындай. // Жансүгіров І. (21, 399)
  2. Көк толқын кеннің түрі тотыяйын,
    Ағылып темір жолмен жатыр дәйім:
    Алдынан тосып алған зәулім завод
    Қорытып, тасытады мыстың сайын. // Орманов Ғ. (19, 148.)
  3. Каспийден Кавказ бойлап май ағызып,
    Бакуді Батум емген ауық-ауық. // Жансүгіров І. (21, 372.)

Осы келтірілген мысалдардың алғашқысындағы “бүркі” сөзінің бастапқы, негізгі мағынасы су бүркілуіне, демек көбірек шашырауына байланысты екені анық. Сөз шебері І. Жансүгіров “бүркуді” зеңбірек оғының жиілігін, сол арқылы мөлшерін таныту үшін ұтымды пайдаланған. Оның орнына “зеңбірек оғы көп атылды” деп берілсе, оқ молдығын әншейін немкетті хабарлай салу боп шығары сөзсіз. Біз келтірген мысалда ақын зеңбірек оғы жиілігін енжар баяндап тұрған жоқ, лирикалық қаһарманның соған деген сезімін, сақтануын, қатулануын қоса өрнектеген. Әрі құбылысты дәл бейнелеу, әрі…

Оған деген адам сезімін қабат-қабат ашу –  міне, бұл көркем шығарма тіліне артылар жүктің сан тарам екенін танытады. Құбылысты дәл, нақты бейнелеу де жеке өзі жемісті бола бермейтіні, әр сөздің шығарманың негізгі идеясына, саз-сарынына үндес болуы керектігі де осы орайда еске түседі. Мәселен, осы топтаманың екінші мысалындағы «тасу» сөзіне көңіл бөлейік. Ғали Орманов мұнда тек қорытылған мыс мөлшерін хабарлаумен шектелмей, сол сөзді орынды қолдану арқылы лирикалық қаһарманның кен байлығына деген насихаттану, желпіну сезімін де қоса өрнектейді. Осындай пікірді бұл шоғырдағы басқа мысалдар туралы да айтуға болады.

Малынған бау-бақшада,
Жемістің жер сүзгенін. // Жабаев Ж. (32, 185.)

  1. Көкорай шөп көлді айнала көмкеріп,
    Мас қылады, күшті жас иіс аңқиды. // Мұхамедиярұлы Ақмолла. (36, 139)
  2. Қаптап елі қонбаса,
    Жайылған малы болмаса,
    Көк орай шыққан балқашы,
    Жеусіз тұрып сорласа,
    Ел қонбаған жер жетім. // Күржіманұлы Қашаған. // Бұ да сонда, 269.

Белгілі бір кеңістік аумағын анықтау көмегімен «көп» ұғымын таныту мысалдары:

Алматының бүгінгі аспаны да өркеш-өркеш ауыр сұр бұлттармен қапталған. // Әуезов М. (29, 194.)

  1. Әй, хан, мен айтпасам білмейсің,
    Айтқаныма көнбейсің,
    Жайылып жатқан халқың бар,
    Аймағын көздеп көрмейсің. // Асан Қайғы. (35, 65.)
  2. Жаз көңілім жарқыра.
    Телегей жыр төгіл де
    Шабытпенен шарқ ұра,
    Шықтым мен де егінге. // Аманжолов Қ. (24, 407.)
  3. Кеңесім ұлы дария шалқып жатқан,
    Ләззат, мақсұт табардай менің татқан. // Наушабаев Нұржан. (30, 260.)
  4. Көлге жауып жылқыларды суарып, Желі қағып, шалғынға бие байласар. //

Белгілі бір затты, құбылысты, кеңістікті жабу, орау, қамту ұғымын бейнелеу арқылы «көп» ұғымын қоса кестелеу де жиі кездеседі.

Көлдің біраз кеңістікті алып жататыны белгілі, демек мұндағы бірінші мысалда соншама аумақты тегіс жапқан жылқылардың бірсыпыра екені нақты бейнеленген.

Екіншіде жапырақ гүлдің ағашты тұтас орап алуы арқылы сан мөлшері анықталса, үшіншіде маңайдың бәрін бөлеп жабуды өрнектеумен сол ұғым неғұрлым әсерлі де дәл беріледі.

Белгілі бір затты суға батырсақ, су оның жан-жағын түгел қамтитынын білеміз. Зат толық еніп, бүркелуі үшін де, ол салынған су анағұрлым көлемді болатыны анық. Ал, бау-бақша жеміске малынса ше? Демек жемістің белгілі бір аумақты көмкергені, соншалық мол болғаны ғой? Осы тәрізді ойларды кейінгі мысалдар жөнінде де келтіруге болады.

Қазақ әдебиетінде тығыздық сипатын айқындау үстінде «көп» ұғымын жайып салу үлгілері де аз емес:

  1. Қарағай, қайың өрілген,
    Сүйсіне көрем көркіңді. Сейфуллин С. (15, 43.)
  2. Жапырақ гүлге оранып,
    Ағашқа көрік-сән кірді. // Бұ да сонда. (78-бет.)
    Шашағы самси төгілген
    Құздарың кілем секілді. // Орманов Ғ. (19, 351.)
  3. Жан-жағынды бөлеген,
    Балауса мен егіске. // Орманов Ғ. (19, 76.)
  4. Көрдің бе таң шапағын, Жердегі гүлдің тізбегін.
  5. Қойшының орта-шарқы үйі сығылысқан жұрттан қапырық болып кеткендіктен, іргесін түріп тастаған еді. // Әлімқұлов Т. (37, 182.)
  6. Асхана, обоз, артиллерия арасында офицерлердің дүние мүлкін тиеген арбалар да сықырлап кеп, тар көпір алдында кептеліп тұрып қалады. // Нұрпейісов Ә. (4, 627.)
  7. Жетімсіреп жалғыз дән,
    Оралдым кеше Қаройдан:
    Қара жерде қалмасын,
    Өңірі былқып егінге,
    Толтыр сықап алтынға
    Өнімі қалай молайған? // Орманов Ғ. (19, 312.)
  8. Қақалып қалың біткен бидайық пен көк еркек көл
    бетіндегі бүйра толқындай ертелі-кеш дөңбекшиді де жатады. // Кекілбаев Ә. (38, 153.)
  9. Шеңбері шерткен бай қырман,
    Ортаяр емес толы астық. // Орманов Ғ. (19, 313.)
  10. Сарысудың бойына бытыса біткен теректі, қайыңды,
    емен, үйеңкілі қалың тоғайдың аржағындағы күлгін көк
    жазықтың қиыр шетінен төңкерілген қазандай қып-қызыл күн
    шыққанда, Ораз-Мұхаммед ат басын көлеңке бетке бұрды. // Мағауин М. (39, 71.)
  11. Әсіресе, Әкпар мен Әбілғазыға ақысы кеткендер алға
    таман ентелесіп, мал қорасының алдын керіп барады. // Жұмаділов Қ. (18, 262.)
  12. Осы орындардың бәрін толтыра кернеген жұрт тағы да
    тегіс егіліп, еңіреп жылауда. // Әуезов М. (29, 442.)
  13. Балық көз сайын құр емес, сірелеп бөгіп қапты. // Нұрпейісов Ә. (4, 179.)
  14. Ен қоныс, тоқты қоздап, тай құлындап,
    Қазір сол далалықта көк егін қақалып шығыпты. Тұнып тұр-ау!… Түнып түр! // Бұ да сонда. (162-бет.)
  15. Жылан деген жыл келіп,
    Кемдік жоқ мал менен бас, біткен бақтан.
    Тұтасқан қалың халқымның
    Лықылдап кемерінен асып жатыр
    Суырылды шегесі. // Құттыбайұлы Ергөбек. (27, 133.)

Жоғарыдағы мысалдарда “өріліп” сөзі қарағай, қайыңның жиілігі сондай, бірігіп, айқасып өсуін нақыштау арқылы сан молшерін айқын көрсетеді. Киіз үй ішіне бірталай адам сыйатынын білеміз. Егер сығылыса орналасса (екінші мысалдағыдай), олардың көп екені анық. Сондай-ақ көпір алдындағы “кептелу” де, өңірдің егінге “былқуы” да, шөптің “қақалып”, ағаштардың “бытыса” бітуі де олардың тұру, орналасу қалыптарын, жиілігін, санын, әрі автор қатысын елестетеді.

Белгілі бір кеңістікке адамның, заттың, т.б. толуы, сыймауын айқындау барысында олардың сан мөлшерін көрсету үлгілері:

Тірелген дүние жасауға,
Бәйше шектей түрленіп,
Орданчың іші жайнаған. // Өтемісов Базар. (36, 294.)

Жоғарыдағы алғашқы мысалдағы “тірелген” сөзін алып тастап, орнына жай ғана “көп” сөзін қойсақ, дүние молдығын жай хабарлау, нақты елестете алмау боп шығары еді. Мұнда дүниенің тіреле жиналуын кескіндеу арқылы сан мөлшерін ғана емес, үй жиһазының орналасу тәртібін де нақты көрсетеді.

Сонымен, мысалдардағы сөздердің негізгі ғана емес, ауыспалы мағыналары арқылы құбылыстың сан мөлшері мен сипатын, автордың эмоциясы мен қатысын тиімді жеткізу байқалады. Бұл көркем тілдің байлығы мен нақтылығын арттырады.

Қазақ тіліндегі көптік ұғымын беру барысында тек заттардың көптігі ғана емес, олардың лирикалық кейіпкердің сезіміне әсер етуі де маңызды рөл атқарады. Мысалы, төртінші мысалдағы «шерткен» сөзі жетістікті ғана емес, сонымен қатар лирикалық қаһарманның соған тоқмейілсуін, оған деген эмоционалды қатысын да жіпке тізеді.

Бесінші мысалда «керіп» сөзі көптікті анықтаумен қатар, адамдардың тілек-армандарының дамуына да ықпал етеді. Алтыншыдағы «кернеген» сөзі тек адамның тығыз орналасуын емес, олардың қайғы-қасіретін де айқындайды. Осылайша, бір ғана «кернеген» сөзі арқылы адамдардың көптігі мен олардың күйі қатар жеткізіледі.

 

Мысалдар:

  1. «Менің қарам көрінсе,
    Келуші еді жамырап,
    Әрқайсысы өзінше,
    Жатушы еді жалбырап.» // Орманов Ғ. (19, 112.)

Бірер адам жамырай алмайды: “жамырау” жеке алынғанда да жан-жақтан аңдыздау, қаптау ұғымын білдіреді. Ал, біз келтірген “жамырауда” әрі қарсы алушылар бірталай екенін, әрі олардың белгілі бір ықыласын, жылы қабылдауын, қошеметін аңдату да бар. Мұндай сөз мағынасы кеңеюі басқа да сөздерге тән. Мәселен, “қопарылу” сөзі жеке алғанда, жер қыртысын аудару, астын үстіне шығару ұғымын паш ететіні анық. Ал, “қопарылуды” (тоғызыншыда) жаппай көшкен ел әрекетін бейнелеуге пайдаланғанда, қаламгер бір сөзге әрі адамдар көңіл-күйін: белгілі бір шешімге, қайтпауға, нық бекінгенін; әрі сонымен байланысты дүрк көтеріле қоныс аударуын –  бәрін сыйғызып берген. Суды немесе қымызды сапырғанда, ыдыс ішіндегі сүйықтың ерсілі-қарсылы шайқалатыны, асты үстіне шығып, кесек қозғалыс үстінде болатыны белгілі. Ал, осы сөз (он біріншіде) адамдар әрекетін, жүрісін бейнелеуге қолданылғанда, олардың санын ғана емес, бейберекет қозғалысын, мағынасыз бос сенделуін ұтымды жеткізген.

Бұл мысалда (басқа мысалдарда да кездестіреміз) “көп” ұғымын жалғыз “тіркесіп” сөзі арқалап тұрған жоқ. Тіркесуші саны екеу не үшеу ғана болса, онда бүкіл аспан бұлты түнеріп, тұнжырауы шектен артар ма еді? Демек, түнеріп, түнжыраған бұлттың тіркесуі деп алғанда ғана олардың қаншалық екені анық көрінеді. Сондай-ақ, төртінші мысалдағы “жағалай” сөзінде “көп” ұғымы күңгірт емес пе деуге болатын тәрізді. Біздіңше, адамдар белгілі бір судың бойын жағалай қонса, олардың аз еместігі де қоса ашылған. “Созылды” (бесіншідегі) сөзі ше? Егер мата, жіп созылды десек, әрине, еш сан мөлшерін білдірмес еді. Ал, көштер созылса –  онда олардың бірсыпыра болғаны. Демек, бұл тіркес әрі адамдардың жүру тәртібін, әрі едәуір екенін қоса қамтуға алынған.

Қозғалу, жүру үздіксіздігі арқылы “көп” ұғымын беру мысалдары да жетерлік:

  1. Көлігі сабырлап ұбап-шұбап көшкен ауылдардың алды қыс бойы құлазып жатқан кең жайлаудың шетіне іліге бергенде, жаңбыр жауды. // Нұрпейісов Ә. (4, 802.)

Адамның, не жан-жануар, зат, құбылыстың бір-біріне тіркесу тәртібін бейнелеу үстінде “көп” ұғымы берілуі де тіл байлығын, көркем сөз күдіретін дәлелдей түседі:

  1. Қалада аздап қалған адам ағытылды соған қарай. // Орманов F. (19, 193.)
  2. Соңынан жүрген ердің бәрің шұба,
    Бұрынғы арсыздықпен ермесең де. // Көпеев Мәшһүр-Жүсіп. (33, 114.)
  3. Түнерген аспан бұлты бозғыл тартқан,
    Тіркесіп түнжырауы шектен артқан. // Майлин Б. (17, 141.)
  4. Ақ балық, алабұға тізіп алып,
    Су басы толған бала қармақ салып. // Бұда сонда. (89-бет.)
  5. Жаңғыртып жер дүниені “жау қайдалап”,
  6. Ұлы сәске көтеріле жан-жақтан қос ат жеккен қоңыраулы пәуескелер Тайтөбенің беткейіне қарай ағылып келіп жатты. // Ақышев З. (45, 395.)
  7. Арттағының бәрі де созыла шұбатылып, еріксіз қатты желіске түсті. // Әуезов М. (40, 363.)
  8. Бір таралып, бір қосылып,
    Жағалай қонып алып судың бойын. // Көпеев Мәшһүр-Жүсіп. (34, 14)
  9. Бір ұйлығып, бір жосылып.
    Адам қирап, қырылған жан.
  10. Осыдан бір жарым ай өткен соң, күз тақап жайлаудың елі Шыңғыстан қайта асып, бауырға қарай үздік-создық көштер созылды. // Әуезов М. (29, 442.)
  11. Жан шыңғырып, сорғалап қан. // Жансүгіров І. (21, 396.)
  12. Жер сілкінте жөңкілген біздің әскер… // Аманжолов Қ. (24, 237.)

Сырт қарағанда, “тіркесіп” сөзін (бірінші мысалдағы) “көп” ұғымын беру үлгісі деп алу орынсыз тәрізді. Себебі онша көп емес екі-үш затқа да “тіркесу” сөзі қолданылатыны белгілі.

Далада құлан домбай шұбырса,
О дағы бір егеулі оққа жолығар. // Тіленшіұлы Шалкиіз. (35, 78.)

 

Айнала қоршау, камауды бейнелеу арқылы сан мөлшерін аңдатуға да зер салайық:

  1. Каспийді қамап тұрған мұнаралар,
    Жауын жауып, көл толса,
    Мұнайдың мол теңізі бұл аралар. // Жансүгіров І. (21, 372.)
    Көлге ойнайды құрбақа.
  2. Ал дегенде аларға,
    Көл суарып ортайса,
    Алып жерге саларға,
    Шоғырланып қуана,
    Алқаланған ауыр қолдар тоқтарға,
    Арыстанбекұлы Сұлтан бар. // Естерекұлы Ер Шобан. (35, 90.)
  3. Жігіттің арманы жоқ сізді құшқан,
    Қамалап тұрсадағы қалың дұшпан. // Шақшақов Сегіз Сері. (30, 130.)
  4. Ат қойды қалың әскер аңдағайлап,
    Дүрсілі жер қозғалтып “Абылайлап”. // Сейфуллин С. (43, 18.)
  5. Кейінгі жақтан Қостанай полкі көрінді. Алдындағы ақ боз атты командирдің ырқынан шыға алмай, шаң астында шоғырланып, түйдек-түйдек боп текіректеп келеді екен. // Нүрпейісов Ә. (4, 740.)
  6. Мынау тұрған момын ел не қыларды білмей, ұйлығып тұрғанын көресің бе? // Әуезов М. (29, 316.)
  7. Қайырымсыз, мейірімсіз бір қу болсаң,
    Қаумалап халық басы құралғанда,
    Қозушы ед делебесі арқамыздың. // Қабылұлы Бұдабай. (36, 117.)
    Үймелеп не қылады мұнша кедей. // Жанатаев Көкбай. (30, 286.)
  8. Төлеңгіт тұс-тұсымнан анталады,
    Қанышер бет-бетімен балталады. // Тобылбайұлы Арыстанбай. (36, 54.)
    Ойталда үйіріліп жата берсек, мына жеңісті бізге кім беретін еді? // Мұртазаев Ш. (44, 401.)

Жоғарыда келтірілген “қамау”, “алқалау”, “қамалау”, “андағайлау”, “қаумалау”, “анталау” сөздері тек бір немесе бірер адамға, не затқа тән еместігі, бірер адам не зат айнала қаптай, не қоршай алмайтындығы белгілі. Мұнда да әрі адамдар не зат қаптауы, әрі лирикалық қаһарманның соларға деген қатысы қоса өрілген.

  1. Күні бойы топырлатып торға қамап қойған ақ сазандардай кеңсе-кеңседе жіпсіз байланып отырған көп балтыр көшеге айтып-атып шығады. // Кекілбаев Ә. (38, 175.)
  2. Елде жүрген егейлер,
    Қалада құр үйілдің. // Жабаев Ж. (32, 56.)

“Көп” ұғымын беретін сөздер мен сөз тіркестерінің тағы бір тобына үңілейік:

  1. Бақырауық бектердің,
    Жиналу, топталу сипатын анықтау барысында ашылған “көп” ұғымдары:
    Салтанатын тәрк қып,
    Олжаға елді қарық қып,
    Шалқұйрығын дүбірлетіп,
    Ерлерім айдап барады. // Күржіманұлы Қашаған. (36, 274.)
  2. Биік көк қақпаның арғы жағында жігіттер иіріліп тұр. // Нұрпейісов Ә. (4, 578.)
  3. Топтанып құстар жиылып,
    Тізбектеліп, түйіліп,
    Бірте-бірте сұйылып,
    Қоштасып қайтып барады. // Сейфуллин С. (15, 195.)
  4. Өлеңді ол жазушы ед бұрқыратып,
    Қанжарды да тұтушы ед, мылтық атып,
    Көрікті де басушы ед күмпілдетіп,
    Балғаны да соғушы ед тасты уатып. // Аманжолов Қ. (24, 20–21.)
  5. Қызғалдақ пен сарғалдақ араласып ұйысты.
  6. Баратын жағы Бақты, Шәуешек,
    “Дүние деген су тегін.
    Жәмшік боп барғанның өзі олжаға қарық боп, күреп қайтады,” – деп, тағы да мынау Қасеннің қасапқа шақырғанындай, кісілерін жүргізіп, жар салады, шырға тастайды. // Әуезов М. (29, 186–187.)
  7. Уа, қадірлі Мәмбетім,
    Ауылыңда алты күн,
    Дамыл алмай әндеттім,
    Ән мен күйді тоғылтып,
    Айналаңды сәнді етіп. // Жабаев Ж. (32, 33.)
  8. Жыпыр-жыпыр өргізіп,
    Қозы бақтым көктемде. // Орманов F. (19, 7.)
  9. Қырық жеті қызға берсе шал алады,
    Қисапсыз көп мал беріп бөгіп өткен. // Найманбаев Әсет. (27, 142.)
  10. Арқада Жаманбайға өлең айттым,
    Алғаным толып жатыр, ырғап қайттым. // Қаржаубайұлы Шөже. (36, 43.)
  11. Соңыра еліне ыза қып, ырғап-жырғап жөнелтем. // Нұрпейісов Ә. (4, 288.)
  12. Сол себепті барлық жүргінші қайтқан тырнадай ұзақ салқар көштей боп, ылғи шұбалып, тізіле жүріп отырды. // Әуезов М. (26, 135.)
  13. Қисапсыз мол байлықтан мен сол іздегенімді таппадым. // Жұмаділов Қ. (7, 269.)
  14. Ал, бүгін Борсықтың қай жықпылында да бықып жатқан отар. Тіл-аузым тасқа, ыңып кетіпті-ау, ыңып кетіпті. // Кекілбаев Ә. (42, 373.)
  15. Ағыл да тегіл алқабы,
    Аймақты шола қарашы:
    Әкетті кернеп Арқаны
    Астықтың алтын арнасы!… // Орманов F. (19, 316.)
  16. Құжынай құзда жылжиды,
    Көші мен малы ыбырсып. // Бұда сонда. (19 бет.)
  17. Жетінші тілек тілеңіз,
    Желкілдеген ту келіп,
    Жер қайысқан қол келіп,

Сонан сасып тұрмасқа. // Қалқаманұлы Бұқар. (35, 112.)

Сөз жоқ, өз ойымызды жеткізу үшін бір еңбекте бірер ұғымдарды беруге байланысты мысалдарды топтастырсақ, ол сол салада ғана іздену керек деген тар түсінік туғызбаса керек.
Бірер ұғымды өрнектеудегі осыншама табыстар басқа да мағына түрлерін бейнелеудегі мүмкіндік шексіздігін, ізденіс аясы кеңдігін, тіл байлығын қоса дәлелдейтіні анық.
Демек, белгілі бір көріністі, ұғымды көрсетуде алдымен еске түскен, ауызға бірінші оралған дайын сөзді ала бермей, оны неғұрлым нақты да әсерлі нақыштайтын сөзді, сөз тіркесін таба білген жөн.
Нақтылық әншейін бір дара мақсат еместігін, сол арқылы да шығарма шынайылығы, әсерлілігі арта түсетінін ұмытуға болмайды.

 

Қуандық Мәшһүр Жүсіптің

«Көркем сөздің құдіреті» кітабынан алынды

Добавить комментарий