Жайқала гүл атқан аңсағай ақ қайыңның көк өрім – жас бұталы кезі болса, сондай-ақ қазіргі кемеліне келген поэзиямыздың да қызықты албырт шағы бар. Қазір толысқан, саңлақ атанған әр ақынның өткенінен сол жастық албырт ақындық қасиетті қарастырсақ – алдымен Абдолла ерекше сүйкімді болып көзге түсер еді.
Мен Абдолла Жұмағалиевті 1936 жылдың күзінде Алматыда, ҚазПИ-дің ауласында кездестірдім. Аласа бойлы, қоңырқай, ашаң жүзді, отты көзді бала жігіт, бұйралау қара шашын сілки тастап, жауырынын құрыстыра теңселіп, өлең оқып жатыр екен, оны бір топ жас студенттер қоршай қалыпты. Бұл тұста біз жас ақындар бізден бұрын даңқы шыққан Тайыр Жароковтың дуылдата, екілене оқыған өлең нақышына таңданушы едік. Ал мынау жас жігіт те өзінше арқасы бар, «аруақты» біреу секілді – тіпті оның тебірене, наздана шыққан даусы өлеңіне өзгеше саз беріп тұр. Ол оқыған өлеңіне елтія, айналасын мүлде ұмытқан секілді. Кейбір ақын қасиетін андамайтын парықсыз жастар: «Мынау өзі бақсы емес пе?», – деп те күңкілдеді. Жоқ, ол бақсы емес, поэзияның шын перзенті, өлең өнерін әулие тұтқан шын ақын-боздақ екен.
Кешікпей Абдолла маған дос, сырлас болып кетті. Біздің поэзиямызда Қазақстанның батыс өлкесінің ерекше дәстүрі, өзінше ақындық екпіні бар дер едім. Қазақтың халықтық ақындық өнерінің күші – теңдесі жок махаббат болса, батыс өлкеміздің кейінгі ақындарында махамбетшілдік дәстүрдің өрістеуі өнегелі жәйт. Кейін Қазақстандык зор бәйтерекке айналған келелі поэзиямыздың жемісті бір жас бұтағы Оралда Батыс Қазақстанда шешек атқанын ескерсек Абдолла Жұмағалиев те сол бұтаның бір тәтті жемісі.
Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында туып, сонда орта дәрежелі білім алған Абдолла 1934 жылы Орал қаласындағы педагогика институтының әдебиет бөлімінде оқи бастады. Абдолланың талабына қарай бұл институт маңында талантты әдебиетшіл жастар тобы ұйымдасып, ақындық өнерге құлшына бой ұрады. Бір кездегі белгілі ақынымыз, профессор Қажым Жұмалиев сол әдебиетшіл жастардың жетекшісі, үйірме басшысы еді. Қазіргі аты белгілі ақын-жазушыларымыз Хамит Ерғалиев, Жәрдем Тілеков, Сағынғали Сейітов, Қуан Тастанбеков, өзі Семей маңында туып-өссе де, әскери қызмет жөнімен Оралда, осы үйірмеде болған марқұм Қасым Аманжолов та өзінің алғашқы жыр пернелерін күйлендірсе керек. Өлең десе өзегі талған Абдолла да осы үйірмеден қанаттанып, Алматы өрендеріне оралдық екпінмен, өзіндік албырт нәшпен келіп қосылды.
Сол жылдары қазақ әдебиетінде жас ақындардың қаулап өскен кезі болды. Ондағы бәріміздің негізгі тақырыбымыз бақыт туралы, Отанымыздағы күнделікті жаңа табыстар туралы болатын. Түгелімізбен саяси өлендер жазатынбыз. Көбіміз өлеңнің саяси бағытына көбірек зер салып, көркемдік, сыршылдық сымбат-тарына сондайлық талап қоймасақ керек.
Ал, Абдолла біздің арамызда өзгеше болуға талаптанды. Ол поэзияны ерекше әулие тұтып, өленде сыршыл-дықты, сезімталдықты, бейнешілдікті мұрат етті.
Бізбен сырласқанда ол:
– Поэзия музыка сияқты нәзік үнді болса екен, поэ-зияда сезім, бейне, үндестік басым болса екен, өлең жү ректің қылын шертсе екен, өленде өмір суреті романтикалық байланыстармен жырланса екен,- деуші еді.
Сол жолға өзі әбден берілді. Абдолланың албырт шактык өлеңдерінде келешегінен зор сүйініш тудыратын наздылық, әдемілік те бар еді, сонымен қатар жас ақынға тән еліктеушілік, әсіреқызылдық та сезілген еді. Оның ақын достары біздер сондай тым «елжірегіштігін» айтып Абдоллаға дұрыс кеңес беретінбіз. Сол жылдары Абдолла өлеңді көп жазған жоқ. Алайда, оның шын ақындық атпен көзге түскен кезеңі – 1937-1938 жылдар болды. Бұл жылдары әдебиет газеті мен журналында: «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде Абдолланың бірқатар өлеңдері басылды. Бұл өлендерінің негізгі сарыны социализм жеңістері, бақытты өмір, пар-тия туралы болатын. Ол осы саяси тақырыптағы өлең-дерінің өзін лирика сарынында жырлады. Сол кезде жаз-ған өлеңдерінен әсерлі сұлулық сезілетін. Ол романтика-ға құмар еді. Абдолла Пушкин, әсіресе, Байрон өнегесіне қызығатын.
1939 жылы Абдолла Қызылордада мұғалім болып істеді. Қызылордадағы әдебиет үйірмесін басқарысып, өзіне әдеби серіктер жинады, сондағы облыстық газетке бірнеше өлеңдерін жариялады. Осы жылы Абдолла төселген акындарша терең толғануға, өзінің ақындық бетін ашуға кірісті. Ойлана, толғана келіп, ол романтикаға түсті. Оның бұл бетіне әсер еткен, әсіресе, ағылшынның ұлы ақыны Байрон болды. Байрон шығармасын ол егіле окушы еді. Ұлы ақынның романтикасымен қоса, адам тағдыры туралы толғануы, жауыздыққа қарсы тұруы, әділеттік үшін қайғыруы ұнаушы еді. Кейін Байрон шығармаларының бірсыпырасын қазақшаға аударды. Ол аударған «Шильон тұтқыны» Абдолланың сөзге шебер-лігін, ақындық серпінін және Байронға жанымен беріл-гендігін көрсетеді.
Біз соңғы жылдары Абдолланың өзінше өзгеше бір пішінді ақын екенін әбден таныдық. ҚазПИ-де оқып жүргенде екі жылдай сырлас болған Абдолла оқуды бі-тіргеннен кейін, біздің әбден сырластарымыз Жұмағали Саин, Дихан Әбілев, Қасым Аманжолов, Әбу Сәрсенбаев, Қапан Сатыбалдин сынды ақындардың ортасында болды. Біз еркелете отырып, оның сыршылдығын бағалай, достық кеңеске де көп тартушы едік. Бұл жылдары ол көптеген өлеңдер жазды. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» сияқты поэмалар шығарды. Байроннан, Лермонтовтан бірнеше өлендер, поэмалар аударды. Сол жылдары әлі баспаға шықпаған көп шығармаларын жа-зып кетті. Осы кезде жазған жазған өлендерінің дені жинаққа енгізілді. Ал, біз Абдолланың ақындығын сөз қылғанда, оның өлімі үшін қайғырғанда албырт жастың өленде-рін қолымызға аяулы мұра етіп ұстаймыз. Абдолланың өлеңдері нәзік сезім мен лиризмге құрылған, оның ли ризмін жүрегі мен қиял романтикасы билеуші еді. Ол өз өлеңдерінде негізгі тақырып етіп адам және дүние деген мәселені көтермек болған-ды. Бұл тақырыпты өзінше тереңнен толғап, саналы түрде шығармасына не-гізгі арқау етіп алды. Абдолла шығармасында адам өмір үшін күресуші, әділет дүниесін іздеуші, бірақ осы күресте, осы жолда адам баласының сүйегіне талай таң-ба түсті, адамның өткен тарихы азап, Абдолла бұл тарихты күңірене жырлады. «Асан қайғы» поэмасында осы идеялық түйінді шешпек болған еді. Әттең, ақын ол поэмасын бітіре алмай кетті.
Абдолла шығармасында кездесетін кейбір күйініш сарындары сол жырлаған тақырыбының және ақынның өз жүрегінің нәзік күйінен туған. Бұл ақын өлеңіне кө-рік, жүрекке оттай ыстық әсер беріп тұрады. Ал жаңа тақырыптағы шығармаларында лиризмге бөленген оп-тимизм үні еседі.
Жалпы алғанда ол әділет дүниесі, бақыт дүниесі – өз заманым деп өтті. Сондықтан да өлендерінде отаншылдық сезім басыңқы, Отан жауына, адам жауына нәлет айтушылық көп. Ол – тебіреністі тақырыпты іздене кетті.
Абдолла жас ақындардың арасынан үздік шыққан, өлеңінің сұлулығы, нәзік сезімталдығы жағынан дара ақын еді.
Өлең оқыса, тасып, толқындап оқушы еді, оның кейде толқып, кейде шалқып шығатын үні әлі күнге құлағымызда.
Отан соғысына аттанар алдында екеуміз суретке түстік. Абдолла сурет сыртына маған арнап өлең жазды.
Соны оқығанда оның үлкен алалы қара көздерінен жа-лын мен жас қатар жарқылдап тұрғандай еді…
Ол майданға өз бойындағы әлі толық тасымаған, әлі түгел гүл атып ашылмаған жас талантын ала кетті. Бергенінен берері көп албырт ақын асыға кетті…
Дүние жауыздарының өшер күнін тілеп жүрген ақын, неміс-фашист басқыншылары көтерілгенде, солар-ға айбат шегіп, оларды жер бетінен құртуға қарсы ат-танды. Бөлімше командирі майор Григорьев Абдолланың ерлігіне қайран қалып: «Ерліктің неше атасын көріп жүрміз, бірақ қалың от ішінде жалғыз қалып жаумен арыстанша алысқан ақынды көргенім жоқ», – дей-ді. Абдолла 1941 жылы қан майданда осылай қаза тапты.
Сөйтіп, біздің ақын досымыз Абдолла өз өлеңімен замандастарына гүлі солмас жас бәйшешек қалдырса, ақындар арасынан ерекше шығып, адам таң қалғандай ерлік іс те жасады. Романтикалық жырға құлшынған ақын романтиканы өзі жасап, Отаны үшін құрбан болды. Әттең, арман, оның кеудесінде талай-талай асыл жырлар кетті. Бірақ ақынды отқа өртеген жендеттер сазайын тартты. Біз албырт жас ақынды мәңгі жас қалпында жүректе сақтаймыз.
Абдолла Жұмағалиевтің «Өлмес өмір дастаны» (Алматы, «Жазушы», 1985 жыл) кітабынан алынды.