Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық туралы айтылды.

Павлодар облысынан көшпенділер ойындарына қатысу үшін ҚР құрама командаларына 7 спортшы кірді:

Овари бойынша (тоғызқұмалақ түрі) 2 спортшы – Сәкен Ақтаев пен Ернұр Мерешев
Асық атудан 2 спортшы – Жомарт Нұрланов пен Керім Жаздықбай
Орда ойыны бойынша (асық ату ретінде) – Саят Қизат
Құраш бойынша (Қырғыз күресі) – 57 келіде Алтынай Нұрханова
Аба бойынша (Түркі күрес түрі) – 90 кг жоғары салмақта Мұхтар Дәлелханұлы

Қайырбаев атындағы ұлттық клубтың директоры Дархан Жоламанов өңіріміздің спортшылары бабында екенін атап өтті.

  • Спортшыларымыз Алматы және Көкөшетау қалаларында оқу-жаттығу жиындарынан өтті. Қазір демалыста. 28 тамыз күні Астанаға аттанады. Ол жердеде де жаттығу жүргізеді. Спортшыларымыздың барлығы бабында. 1 жыл ішінде іріктеуден өтті, – деді Дархан Жоламанов.

Павлодарлық спортшылардың 9 тамыз күні жарыс жолына шығып бастайды.

Сонымен қатар, Павлодар облысын дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Даур Ерғабұлов көшпенділер ойынында павлодарлық 7 төреші қазылық жасайтынын айтты.

Тоғызқұмалақ бойынша 4, асық ату бойынша 1, көкпар, құсбегі бойынша 1 төреші енген.

Еске салайық, 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Добавить комментарий