2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар қоғамдық дамуымыздағы бірқатар өзекті мәселенің бетін ашып бергені мәлім. Әлеуметтік бағытта ғана емес, сондай-ақ ұлттық идеология тұрғысында да алдыңғы кезекте маңыз берілуге тиіс мәселелер күн тәртібіне ашық шықты. Міне, осының барлығын жан-жақты сараптап, салмақтап, нақты іс-қимыл жасаудың жоспарын, бағдарын түзу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысы бойынша елімізде Ұлттық Құрылтай аталатын бірегей институт жолға қойылған еді.

Ұлттық Құрылтай – Қазақстанның жаңа тұрпатта дамуының шешуші кезеңінде дүниеге келген маңызды алаң. Өйткені, қаңтар оқиғаларынан кейін қоғамның сұранысы қандай бағыттарда өрілетіні барынша белгілі болған еді. Біздің қоғамның сұранысы негізінен әділеттілік, ашықтық, жауапкершілік және ұлттық бірлік тұрғысынан өрбитінін дәл сол тұста айқын аңғару киын емес-ті.

Жана Қазақстанның саяси тарихында Ұлттық Құрылтай қоғамдық-саяси диалогтың, билік пен халық арасындағы ашық пікір алмасудың заманауи алаңы ретінде қалыптасты деп айта аламыз. Тоқетері сол, Ұлттық Құрылтай мемлекеттің идеологиялық, әлеуметтік, экономикалык және мәдени бағыты айқындалатын стратегиялық мінбер.

Президент әр Құрылтайда мемлекет дамуының өзекті мәселелерін көтеріп, қоғамға накты бағдар беріп келеді. Алғашқы Ұлттық Құрылтай 2022 жылы Ұлытауда өтті. Міне, осы жиында кантар сілкінісінен кейінгі Жаңа Қазақстанды дамытудың негізгі тұжырымдары айқындалды.

Ұлытау өнірі – қазақ мемлекеттілігінің, тарихи сабақтастықтың символы. Президент осы арқылы алда күтіп тұрған жаңа реформалардың тарихи тамырмен байланысын көрсетуді көздегені анық. Нақ осы алғашқы Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялык реформалардың мәнін, суперпрезиденттік жүйеден бас тарту қажеттігін, азаматтық коғамнын рөлін арттыруды ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде: «Жана Қазақстан бір күнде құрылмайды. Бұл ұзақ әрі күрделі жол» деп, алдағы реформалардың кезең-кезеңімен жүзеге асатынын құлаққағыс етті.

Осылайша, Ұлытау төріндегі алғашқы Құрылтайда еліміздегі реформалардың идеологиялық негізі қалыптастырылды. Президент осы жиында енді билік халықтан алыстамайтынын, ел тағдырына қатысты шешімдер кең қоғамдық талқылаудан өтетінін жеткізген-тұғын.

Келесі, 2023 жылы Түркістанда ұйымдастырылған Құрылтайда Ұлттық бірлік пен тарихи сананы дамыту басымдыққа ие болды.

Түркістан – Қазақстанның рухани кіндігі, түркі әлемінің алтын бесігі. Құрылтайдың бұл қалада өтуі Президенттің рухани жаңғыруды саяси реформалармен ұштастыру ниетін көрсетті.

Бұл жиында Президент Қ-Ж.К.Тоқаев ұлттық бірлік пен ынтымакты, тұтастықты нығайту, радикализм мен жікшілдікке жол бермеу, тарихқа әділ көзқарас қалыптастыру мәселелеріне кенінен токталды. «Ұлттык құрылтай ел тағдырын талқылайтын, халықтын үні естілетін орта», «Ұлттық құрылтай – ақсүйектердің салтанатты жиыны емес, ел үшін маңызды шешімдер қабылдайтын кеңес» деген сөздері бұл институттың қоғамымыз үшін маңызы аса зор екеннін айкындады.

Екінші Құрылтай мазмұны қоғамдық тұрақтылық пен рухани иммунитетті күшейтуге бағытталды. Президент өткен қателіктерді мойындай отырып, тарихты саясаттың құралына айналдырмау керектігін ескертті. Сондай-ак, ұлттық біртұтастық пен әлеуметтік жауапкершілік мәселесін көтеріп, қоғамды сындарлы әрі конструктивті талқылауларға шақырды.

Үшінші Ұлттық Құрылтай 2024 жылы Атырауда erri. Әлеуметтік әділеттілік және адал енбек философиясы осы жиыннын арқауына айналды.

Батыс, сонын ішінде Атырау кайнаған енбектің ортасы һәм мұнайлы аймак, ел экономикасынын күретамыры. Осы Құрылтайда Мемлекет басшысы әлеуметтік теңсіздік пен еңбек құндылығы мәселесін алдыңғы қатарға шығарды.

Мемлекет басшысы қоғамға «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» жаңа формуласын ұсынды және әлеуметтік әділеттілік тек жәрдемақымен емес, еңбек адамының беделін арттыру арқылы ғана орнайтынын атап өтті.

Атыраудағы жиында Қ-Ж.К.Тоқаев әлеуметтік мемлекет концепциясын нақты мазмұнмен толықтырды деуге негіз бар. Президент маңызды идея ретінде ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдағы этикалық құндылықтар жүйесін жаңарту, білім мен мәдениетті дамыту туралы мәселелерді ортаға салды.

Былтыр Бурабай төрінде өткен төртінші Ұлттық Құрылтай экономикалық прагматизм және жауапты мемлекет тақырыбында өрбіді. Мұнда салық реформасы, бюджет тұрақтылығы, мемлекеттік баскарудың тиімділігі кеңінен талқыланды. Президент «Әлеуметтік міндеттерді орындау үшін мемлекетте қаржы болуы керек». Бұл сөз популизмнен бас тартып, экономикалық реализмге көшу кажеттігін ашып көрсетті.

Өзіндік маңызы мен қалыбына қарай, қоғамдық салмағын сараптай келе, Ұлттық Құрылтайды Қазакстандағы реформалардың идеялық штабы десек, артық емес.

Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаевтың әр Құрылтайдағы көтерген мәселесі уақыт талабына нақты жауап беріп, қоғамды ортақ жауапкершілікке үндеп келеді. Сонымен қатар, қоғам өкілдерінің де түрлі ұсынысы қазіргі дамуымыздың бағытын түзеуге өз ықпалын тигізіп отырғанын айтқым келеді.

Жалпы, Ұлттық Құрылтай осы уақытқа дейін нендей өзгерістерге өзек болды, осы алаңда көтеріліп, талқыланып, қоғамның зердесінен өткен қандай мәселелер өміршең болды? Енді аз-кем осыған тоқталып өтейін. Өйткені, Ұлттық Құрылтай барысында көтерілген бірталай бастама-ұсыныс кейін нақты мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға айналып, тіпті, заңнамалық өзгерістерге дейін ұласқанын көрдік. Бұл Құрылтай алаңындағы әрбір маңызды мәселе нақты іске асуға тиістігін айғақтаса керек.

Ұлттық Құрылтай алаңы бастау алғалы бері осында сөз болып, талқыланған ұсыныстар негізінде бірқатар саяяи шешім де қабылданды. Олар: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2022 жылғы республикалық референдум); «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер (аралас сайлау жүйесі); Ауыл, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау институты; Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттарының рөлін күшейту пакеті.

Міне, осы реформалар «Әділетті Қазақстан» саяси моделінің құқықтық негізін қалады.

«Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы – Президент Ұлттық Құрылтайларда жүйелі түрде ілгерілеткен негізгі идеологиялық жоба болып отыр. Оның негізінде «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп үстемдігі» тұжырымдамасы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бекітілді. Осы тұжырымдамалар мемлекеттік басқару мәдениетінің жаңа стандартын қалыптастырды.

Үшінші Ұлттық Құрылтайдан кейін «Адал азамат» бірыңғай тәрбие тұжырымдамасы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы (мектептер мен колледждер үшін), «Ұлттық тәрбие» компонентін білім беру стандарттарына енгізу жобасы қабылданды. Бұл жобалар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр.

Білім және мәдениет сынды аса маңызды салалар бойынша да нақты жобалар өміршең етілді. Ұлттық Құрылтайда айтылған ұсыныстар негізінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» бастамасы, «Ұлттық кітап күні» (23 сәуір) мемлекеттік деңгейде бекітілді. Кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылданды.

Әлеуметтік әділет және еңбек адамына қолдау бағдарламалары да –  Құрылтайлардың жемісі. Атырауда өткен Құрылтайдан кейін «Жұмысшы мамандықтар жылы» (2025), Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі ұлттық жобасы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (жаңартылған форматта), Жастар практикасы және Алғашқы жұмыс орны жобалары бастау алды.

Ал төртінші Ұлттық Құрылтайдан кейін күн тәртібіне шыққан нақты бастамалар төмендегідей: Салық кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы, Бюджет кодексін жаңарту, мемлекеттік қаржының ашықтығын арттыру жөніндегі кешенді жоспар.

Құрылтай ұсыныстары негізінде «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы (кеңейтілген формат), Моноқалаларды дамыту бағдарламасы, Аймақтардың дербестігін арттыру жөніндегі реформалар пакеті жолға қойылды.

Ұлттық Құрылтай идеядан іске, сөзден шешімге апаратын мемлекеттік ойлау миханизмі болып отыр. Нәтижесінде пайда болған жобалар мен бағдарламалар Қазақстандағы реформалардың декларативті емес, нақты мазмұнға ие екенін көрсетеді. Бұл институт алдағы уақытта да елді жаңғыртудың басты қозғаушы күштерінің бірі болып қала бермек.

Биылғы, яғни 2026 жылғы V Ұлттық Құрылай жұмысы бүгін, 19 қаңтарда Қызылорда төрінде бастау алды. 20 қаңтар күні Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады деп күтілуде.

Құрылтайдың кезекті жиынына сәттілік тілейміз және бұл алаңда да елдің дамуына серпін берер жаңа бастамалар сөз боларына сенімдімін.

Асыл ӘБІШЕВ.

«Aiqara.kz»

Добавить комментарий