«Қазақстан» телерадиокорпорациясы республикалық референдум аясында – «Референдум – 2026» атты онлайн марафон ұйымдастырып отыр.

Таңғы 09:00-де басталған онлайн марафон 01:00-ге дейін жалғасады. Он алты сағатқа созылатын шара барысында қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, ел дамуына қатысты бастамалар мен инновациялық жобалар таныстырылады. Шара шымылдығын 100 домбырашыны “Балбырауын” күйімен ашты.

Іс-шара барысында тұңғыш рет отандық өнертапқыштар жасаған роботтар марафон жүргізушілеріне көмектеседі, сондай-ақ голограмма технологиясы арқылы еліміздің жетістіктер тізбегі ұсынылады.
Марафон аясында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының пресс-орталығы сайлау учаскелерінің ашылуы, дауыс берудің басталуы және дауыс беру процесі туралы ресми ақпараты тұрақты түрде жарияланып отырады.
«Референдум – 2026» онлайн марафоны қоғамдағы маңызды тақырыптарды кеңінен талқылауға, пікір алмасуға және еліміздегі инновациялық жобаларды таныстыруға арналған ірі ақпараттық алаң.

