Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді.

Мәжіліс спикері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 референдум учаскесінде дауыс берді.
Көңіл-күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамын, – деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Ерлан Қошанов.


