Жалпыұлттық коалиция мүшелері: Дмитрий Корепанов, Б.А. Аманжолов, Б.Т. Баткеев, М.А. Джумадиевамен бірге Мичурино ауылы тұрғындарымен және білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті.

Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Конституциясы ел дамуының негізі ретінде еңбекқорлық құндылығын айқындайды. Еңбек адамы қоғамның маңызды әрі алмастырылмайтын бөлігі ретінде танылады, оның қосқан үлесіне мемлекеттің дамуы тікелей байланысты.

Білім беру қызметкерлерімен конституциялық тұрақтылық және мұғалім мамандығының қорғалуы мәселелері талқыланды. Бастауыш және орта білімнің міндеттілігі мен оның мемлекеттік оқу орындарында кепілді түрде берілуінің бекітілуі педагог еңбегіне тұрақты әрі ұзақ мерзімді сұраныс қалыптастырады. Мұғалім мемлекет жүктеген конституциялық міндетті іске асыратын негізгі тұлғаға айналады. Бұл өз кезегінде жұмыспен қамтудың тұрақтылығын арттырып, білім беру жүйесін негізсіз оңтайландыру тәуекелдерін азайтады және педагог мамандығының әлеуметтік маңызын күшейтеді.

Добавить комментарий